ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiндегi дәрiсiнде қазақстандықтарды елiмiздiң патриоты болуға шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Спортшымыз Илья Ильин – нағыз патриот. Жуырда өткен жарыста ол жаңа әнұранды қоюды талап еттi. Бiз оның қолын жүрегiнiң тұсына қойып, елiмiздiң әнұранын бiрге айтқанына куә болдық. Сондай-ақ, биыл 13 жастағы жасөспiрiм Орал қаласында суға батып бара жатқан екi қызды құтқарып қалды. Ержүрек бала екi қызды кезектеп құтқарды. Бұл да патриоттықтың белгiсi. Және де 2011 жылы «Халық қаһарманы» мемлекеттiк наградасы қызметте қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа берiлдi. Ол бiрнеше адамды өлтiрген қауiптi лаңкестi ұстады. Бұл да патриоттықтың белгiсi. Бiз де елiмiздiң патриотымыз, өйткенi, бiз әрқайсымыз еңбек етiп, елiмiздiң дамуы мен гүлденуiне үлес қосып жатырмыз», - дейдi мемлекеттiк хатшы.
Г.Әбдiқалықова қазақстандықтарды елiмiздiң патриоты болуға шақырды. Сондай-ақ, мемлекеттiк хатшы тыңдаушылар назарын Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қайраткерi ретiндегi тұлғасына, әсiресе, Елбасының «қазақстандық экономикалық және әлеуметтiк тағажайып құбылыс» деп аталатын «Қазақстандық Жолын» әлемге танытқан бейбiтшiлiк пен келiсiм саясатына аударды.
Айта кетсек, бүгiн ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әблiқалықова Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде «Қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайтудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи үлесi және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлi» атты тақырыпта актiлiк дәрiс оқыды.
Iс-шараға ҚР Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесiнiң мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, этномәдени бiрлестiктердiң өкiлдерi, ғылым мен өнер қайраткерлерi, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының студент жастары қатысты.