Бүгін Парламент Сенатының 2015 жылдағы соңғы жалпы отырысы болып өтті. Осыған байланысты палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың жұмысын қорытындылады.
«Биылғы жылы жақсы жұмыс істедік деп айтуға болады. 167 заң жобасын қарастырып, дер кезінде оларды қабылдадық. Заңдардың басым көпшілігі «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын құқықтық жағынан қамтамасыз етуге бағытталды. Ел дамуы үшін аса маңызды кешенді шараларды жүзеге асырдық. Осы жолда депутаттардың заң жобасының бастамашыларымен және аппарат қызметкерлерімен үйлесімді жұмыс істегенін атап өткім келеді», - деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар, спикер депутаттық корпусты алда келе жатқан Жаңа жылмен де құттықтады.
Қазақпарат