Мәжіліс биылғы алғашқы отырысын тыныш өткізді

Жаңалықтар
08.01.2016, 16:12

Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен палата бюросының жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бюро бекіткен күн тәртібіне сәйкес, депутаттар талқысына бірқатар халықаралық құжаттар ұсынылмақ. Атап айтқанда, Чехия мен Қазақстан арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама, Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау турады заң жобалары депутаттар қарауына жатады.

Сондай-ақ, осы күні Қазақстанмен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісім мақұлданады деп күтілуде.

Жобаның мақсаты жастардың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту болып табылады. Жалпы отырыста ілеспе құжаттармен төлемдер және төлем жүйелері, коллекторлық қызмет, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

Осы күні Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Молдова үкіметтері арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және оны іске асыру бойынша атқару хаттамасын, сонымен бірге, Қырғыз Республикасымен өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметералық келісімді, 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және қордың қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ, бір тараптан ЕАЭО пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді, Қазақстан мен Словак арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары өндіріске қабылданады деп күтіледі.

Сұхбат

PhotoRoom