Президент спикерді қабылдады

Жаңалықтар
11.01.2016, 19:14

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мәжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom