Сараптамалық қауымдастықта кең таралған дәстүрге сүйене отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 2016 жылы Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін мән-маңызы жоғары 10 негізгі оқиғаға шолу ұсынады. Айта кетерлігі, осы жылы аймақ елдері тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлап, өз дамуының негізгі қорытындыларын жасайды.
ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАР КОНЪЮНКТУРАСЫНЫҢ НАШАРЛАУЫ ЖӘНЕ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ҚАРҚЫНЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ
2016 жылы әлемдік экономиканың жағдайы, негізінен жағымсыз болады. Көптеген экономикалық орталықтардың өсімі бәсеңдей түседі. Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) монетарлық саясаты; ҚХР экономикасының өсім қарқынының бәсеңдеуі; өзара санкциялардың салдарынан ЕО мен Ресей экономикасына қысымның сақталуы; шикізат экономикаларында қиындықтар тудыратын тауар нарықтарының құлдырауы; экономикалық емес сипаттағы факторлар (әскери шиеленістер, көші-қон мәселесі, экологиялық және климаттық өзгерістер) сияқты бірқатар теріс факторлар көрініс алады. Алғашқы жарты-жылдықта тауар нарықтарының жағдайы нашарлайды. ФРЖ-ның монетарлық саясатының өзгеруі, сұраныстан ұсыныстың басым түсуі, дәстүрлі емес мұнай өндірістеріне Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының баға тұрғысынан қысым көрсетуі, американдық мұнайдың әлемдік нарыққа шығу келешегі, Иранның экспортты ұлғайту мүмкіндіктері секілді факторлар мұнай нарығына жағымсыз тұрғыда ықпал етеді. Әлемдік тауар нарығындағы төмен баға Орталық Азия экономикасына теріс әсер етуін жалғастырады және оның өсімі шектеліп, салыстырмалы түрде төмен деңгейде сақталып қалады.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДАРДЫҢ ЖАҢА ЖОЛДАРЫН ІЗДЕУ
Келесі жыл ЕАЭО үшін халықаралық серіктестікті белсенді кеңейту кезеңі болмақ. Соның ішінде бірқатар елдермен еркін сауда аймағын құру мүмкіндіктері зерттеледі, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және басқа да интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтасудың әртүрлі формаларын анықтау жалғастырылады. 2016 жылы Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді.2016 жылы ЕАЭО өз қызметінің алғашқы межесін өткереді. Жылдың ортасына қарай ұлттық статистикалық қызметтерінің мәліметтері негізінде ЕАЭО-ның жұмысына алдын ала қорытындылар жасауға мүмкіндік туады. Осыған байланысты интеграциялық құрылымның одан арғы басымдықтары мен тұтастай алғанда еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ынтымақтастықтың келешегі айқындалады.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ҚЫТАЙДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАТЫСУ ҮРДІСІНІҢ КЕҢЕЮІ
Наурыз айында Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы сессиясында ЖЖЭБ жобасы мен «аумақтан тыс шығу» тұжырымдамасы басты орын алатын «13-ші бесжылдық жоспары» жарияланады. Бұл кәсіпорындарды Қытайдан тыс, соның ішінде Орталық Азия елдеріне көшіру жөніндегі жоспарлар жүзеге асады деген сөз. 2016 жылы қыркүйектеҚытай аймақтың басты сауда серіктесі болып қала бермек. Сондай-ақ Қытайдың Орталық Азия елдерінің экономикасын жаңартуға бағытталған көлік-логистикалық және өңдеуші салалар жобаларына инвестициялық қатысуы күшейеді. 2016 жылы «Жібек жолының экономикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) мен ЕАЭО бастамаларын түйістіру бойынша нақты механизмдерді іздеу қарқын алады.
Ханчжоу қаласында жоспарланып отырған G20 саммиті Қытайдың жаңа рөлін дәлелдей түспек.
АУҒАНДЫҚ ФАКТОРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕ ӨЗЕКТІ БОЛУЫ
Ауғаныстандағы террорлық соның нәтижесіндегі әскери белсенділік, маңызды сыртқы ойыншыларды елдегі жағдайды реттеуге бағытталған іс-қимылдарды барынша үдемелі етуге түрткі болады.2016 жылы Ауғанстандағы жағдай халықаралық қауымдастықтың назарында бола береді. Соңғы жылдарда орын алған зорлық-зомбылықтар мен террорлық шабуылдардың өсуі сияқты жағымсыз үрдістер сақталады. Осы ретте күрделі әскерисаяси жағдайдың аясында биліктің шоғырлануы мен үкіметтің тұрақты жұмыс істеу мәселелері маңызды бола түседі.
СИРИЯЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕГІ ТЕРРОРИСТІК ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІҢ ҰЛҒАЮЫ
Сирия дағдарысын шешуге тартылған әлемдік және аймақтық ойыншылардың қарым-қатынасындағы шиеленістер халықаралық саяси жағдайдың қиындауына алып келеді, бұл Орталық Азия елдері үшін жаңа сын-қатер болуы мүмкін.Сириядағы және оның маңайындағы ушыққан шиеленістер нәтижесінде террорлық тәуекелдер мен қауіп-қатерлер артады. Орталық Азия өңірінен шыққандардың ИГИЛ/ДАИШ пен басқа да экстермистік топтарға қосылуының жалғасуы қауіпсіздік тәуекелін күшейтеді. Осыған байланысты террорлық қауіпқатерге қарсы іс-қимылдар механизмдерін қалыптастыру аймақ елдерінің басты міндеттерінің бірі болады.
АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ КҮШ-ЖІГЕРІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Ағымдағы жыл аймақтық қауіпсіздік және ынтымақтастық саласындағы институттардың қызметіндегі маңызды кезең болады. 2016 жылы аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланатын бірқатар саммиттер мен кездесулер өткізіледі деп күтілуде: Ташкенттегі ШЫҰ мен ИЫҰ СІМК саммиті, Астанадағы Каспий саммиті, Қырғызстандағы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі. Сонымен қатар АҚШ-пен «С5+1», ЕООрталық Азия және «Жапония+Орталық Азия» форматында аймақтық диалог алаңдарының жұмыстары қарқын алады.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ЖҮЙЕГЕ ЕНУІ
2016 жылы Орталық Азия елдерінде маңызды сайлау науқандары өткізіледі деп күтілуде. Соның ішінде Ауғанстан билігі үшін салмақты сынақ болатын 2016 жылға ауыстырылған парламенттік және жергілікті кеңес сайлаулары. Ауғанстандағы жағдайдың күрделенуі сайлаудың осы жылы өткізілуін ашық мәселе ретінде қарастыруда. 2017 жылы өтетін президенттік сайлау қарсаңында, осы жылғы Қырғызстандағы жергілікті кеңеш (кеңес) сайлауы саяси күштерді орналасуын анықтайтын маңызды оқиға қатарында болмақ. Қазақстандағы парламенттік сайлауы елдің саяси және әлеуметтік жаңғыруында жаңа кезең болуы тиіс.
Орталық Азияның аймақтық күн тәртібін қалыптастыруда ықпалы бар оқиғалар қатарына ақпанда өтетін Иран ұлттық парламенті мен Сарапшылар кеңесінің сайлауы, қыркүйекте өтетін Ресейдегі Мемлекеттік дума сайлауы мен қарашада өтетін АҚШ-тағы президенттік сайлауын атауға болады.
АЙМАҚТЫҚ КӨЛІК ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Өзбекстанда Қытай – Орталық Азия – Еуропа халықаралық көлік дәлізінің басты бағыты саналатын «Ангрен-Пап» теміржол магистралі іске қосылады деп күтілуде. Сондай-ақ Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту және Құрық портының паромдар кешенін аяқтау жұмыстары да жоспарланып отыр. Бұл ұлттық және халықаралық көлік-логистикалық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтинентальді автокөлік жолының қазақстандық бөлігі аяқталады деп жоспарланып отыр.2016 жылы аймақаралық экономикалық кооперацияны күшейтетін энергетикалық және көлік жобалары жүзеге асырыла бастайды. Ең маңызды оқиғалардың бірі ТүркменстанАуғаныстан-Пәкістан-Үндістан газ құбырының құрылысы және «CASA-1000» Орталық Азиядан Оңтүстік Азияға электр беру желісі құрылысының басталуы болмақ.
Сонымен қатар «Иран-Ауғанстан-Тәжікстан-Қырғызстан» көлік магистрлінің бөлігі саналатын «Иран-Ауғанстан» теміржол бөлігінің құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылады.
ИРАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҮДЕРІСТЕРГЕ ҚАЙТА ОРАЛУЫ
Халықаралық санкциялар алынғаннан кейін Иран экономикалық және сыртқы саяси қызметін белсенді жүргізе бастайды. Оның үстіне Тегеран мұнай өндірісін санкцияға дейінгі қалыпты деңгейге жетуді жоспарлауда. Бұл энергия ресурстарын жеткізушілер арасында бәсекелестікті күшейтеді және мұнай бағасын белгілеуге жанама қысым тудырады.
Иран Орталық Азия мен Каспий аймағында сыртқы саясат және экономика саласында белсенді болады деп күтілуде. Атап айтқанда, ЕАЭО-мен өзара іс-қимылдар және ЖЖЭБ жобасына қатысу бойынша, бұл болса Иранға сауда-экономикалық және көліктік-коммуникациялық салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар Тегеран ШЫҰ-да өз мәртебесін көтеруге талпыныс жасайды. Өз кезегінде Иранның белсенді болуы аймақтағы бәсеклестікті арттырады, осы ретте бұл Орталық Азияға өз әсерін тигізеді.
2017-2018 ЖЫЛДАРЫ БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ТҰРАҚТЫ ЕМЕС МҮШЕЛІККЕ САЙЛАНУ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУ
2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Қазақстанды тұрақты емес мүшелікке сайлау мәселесі бойынша дауыс беру маңызды оқиға болмақ. Халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің трансформациясы мен өсіп келе жатқан жаһандық сынқатерлердің аясында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше құрамына кіру Қазақстанның ғана емес, тұтастай алғанда ортаазиялық аймақтың халықаралық дербестігін күшейтеді.
Мұндай қадам Қазақстанға қауіпсіздік саласындағы ғаламдық күн тәртібін қалыптастыруға тікелей қатысуына және халықаралық деңгейде орта азиялық аймақтың ең маңызды мәселелерін өзектендіруге мүмкіндік береді.