Нұрмұхамбет Әбдібеков 1984 жылы Мәскеу тау-кен инстиутын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласты, Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтерге тағайындалған. 2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. Осы қызметке тағайындалмастан бұрын 2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып жұмыс істеген.