"Бірлік" партиясы 8 үміткер ұсынды

Жаңалықтар
05.02.2016, 12:09

Бірлік» партиясы Парламент сайлауына қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада партияның кезектен тыс 2-съезінде «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалиев мәлім етті.

«Бірлік» партиясы парламент сайлауына қатысады. Біздің ең басты бағытымыз мәдениет пен руxани даму болмақ. Сайлаудағы партия ұраны «Ізгі ниет, Адал қызмет, Таза орта!» деген ұранмен өтеді», - деді ол жиын барысында.

Оның сөзіне қарағанда, партияның бағдарламасы билікті сынау емес, керісінше, ел басшылығы ұсынған бағытты қолдау және бірлікке шақыру.

«Біздің басты мақсатымыз - «қайықты шайқалту» емес, Елбасы ұсынған бағытты қолдау», - деп атап өтті С. Сұлтанғалиев.

Партия төрағасы атап өткеніндей, «Бірлік» мейлінше көп дауыс жинауға күш салады. «Біздің құрылғанымызға тек екі жыл болды. Бірақ біз ауылдарға, өңірлерге шығып, xалықтың сенімін алуға, мейлінше көп дауыс жинауға тырысамыз», - деді партия басшысы.

Айта кетейік, «Бірлік» саяси партиясы Парламент депутаттығына үміткер ретінде 8 адам ұсынған болатын.

1. Болат Байқадамов – партия төрағасының орынбасары

2. Марат Қожамқұлов – партияның Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы

3. Роза Қуанышбаева – партия мүшесі

4. Төлеген Қуанышев – партия төрағасының орынбасары

5. Мұрат Раев – Қазақ мемлекеттік заң университеті ректорының кеңесшісі

6. Серік Сұлтанғали – партия төрағасы

7. Асқар Сыздықов – партияның Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы

8. Нұрлан Шаукаманов – партияның Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы.

Сұхбат

PhotoRoom