Сайлау науқаны алғашқы кезеңін аяқтады. Парламенттен орын алуға Қазақстандағы 7 ресми тіркелген саяси партияның алтауы Орталық сайлау комиссиясына өтініш беріп, тиісті тексерістерден кейін, үміткерлікке үміткерлер болғандар ресми түрде кандидат атанып, құжаттарын алды. ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов өткізген брифингтен білгендеріміз мынадай:
6 саяси партия үміткерлерін ұсынды. Олар:
«Нұр Отан» партиясы
«Ақ жол» Демократиялық партиясы,
«Ауыл» ХДПП,
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы,
ЖСДП
«Бірлік» саяси партиясы тізімдері,
Кандидаттардың сипаттамасы:
Кандидаттардың жалпы саны – 234.
10 ұлттың өкілі бар.
80%-ы - ер адам, 20 %-ы - әйел.
99 %-дан астамының жоғары білімі бар.
Кез келген саяси науқанның негізгі кезеңі – үгіт-насихат жұмыстары қамтылатын бөлігі. Оған да 9 күн қалды. Осы кезеңде халық ерекше мән беретін саяси дебат екені даусыз. АҚШ президенттігіне үміткерлердің қандай деңгейде пікір таластырып, сөз жарыстырып жатқанын күн сайын оқып-біліп отырмыз. Америкадағадыай болмаса да біздің елде де саяси дебаттар өтіп тұрады. Мысалы 2012 жылғы парламент сайлауының телевизиялық дебатына 7 партия өкілі қатысты. Естеріңізде болса пікір таластырушы дебатерлар мына азаматтар болды.
Нұрлан Нығматуллин, «Нұр Отан»
Азат Перуашев, «Ақжол»
Жармахан Тұяқбай, ЖСДП
Ғани Калиев, «Ауыл»
Уалихан Қайсаров, «Әділет»
Гүлдана Нұрпейісова, Патриоттар партиясы
Владислав Косарев, ҚХКП
Ол дебат үш раундтан тұрды.
Бірінші раунд
Ел экономикасының дамуына арналды. Сонымен қатар қатысушылар партияларының сайлауалды бағдарламасындағы экономикалық бөлімін түсіндірген. Соңында осы тақырып бойынша оппоненттер бір-біріне сұрақ қойып, жауап берді.
Екінші раунд
«Адам капиталы» тақырыбында сөйлеген болатын. Адам капиталын дамытуға қатысты идеялары мен ұсыныстарын жеткізген соң, сұрақ-жауапқа уақыт берілді.
Үшінші раунд
Әр қатысушы сайлаушыларға қарата сөйлейтін сөзіне уақыт берілген.
«Парламент сайлауы 2016» телевизиялық дебаты
Саяси партиялардан кімдер қатысуы мүмкін?
«Нұр Отан» партиясының атынан Төрағаның Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов қатысуы мүмкін.
Асқар Исабекұлы үлкен деңгейдегі саясаткер. Өзге партиялардан саяси дебатқа шығуы мүмкін қарсыластарының ішінде ол сияқты Президенттің сеніміне ие болған жоғары деңгейдегі саясаткер жоқ. Мемлекет басшысының сенімі дегенде Оңтүстік Қазақстан облысы сияқты үлкен өңірді 6 жыл, 6 ай басқарып, халықпен етене араласқан саясаткер екенін айтқымыз келді. Облысты басқару арқылы ол Үкіметпен тығыз байланыста болды. Жалпы республикалық және аймақтық экономиканы, әлеуметті, идеологияны және ең бастысы саясатты меңгерген. Алғаш тағайындалғанда Елбасы былай деген болатын: http://egemen.kz/2015/?p=72527 «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындалғанына 6-ақ ай болғанымен жарты жыл ішінде мынандай жұмыстар атқарды.
1. Партияның өңірлік филиалдар қызметін нығайтты.
А) Орталық аппараттың штаттық құрылымын оңтайландыру есебінен өңірлік қызметкерлер саны 43%-ға, яғни 358 адамға артты. Орталық аппаратта қаражат үнемдеу есебінен партияның аумақтық филиалдарына 134 штаттан тыс қызметкер алуға қаржы қарастырылды.
В) Кадрлық әлеуеті артқан филиалдардың жауапкершілік салмағы да еселенді. Атап айтқанда, филиалдардың жұмысын бағалау үшін бірыңғай нысаналы индикаторлар әзірленді. Атқарылған жұмыстар осы индикаторлар бойынша бағамдалады. Орталық аппараттың инспекторлары ай сайын өңірлерге шығып, талдау жүргізбек.
2. Жұмыс сапасын арттыру бағытында партия 30-ға жуық регламенттеу құжатын әзірлеп, оны қабылдады. Мәслихат депутаттығына партиядан үміткерлерді іріктеу критерийлерін қабылдау, қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жасау, кадрлық резерв, филиалдар жұмысын бағалау индикаторлары, филиалдардың Саяси Кеңестері Бюросы жұмысының типтік регламенті және құжат айналымын қысқарту жөніндегі ішкі нормативтік іс-қағаздар әзірленді.
3. Партия бюджет қаражатының барынша тиімді әрі сапалы жұмсалуы мәселесіне назар аударып, өңірлерде мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асып жатқан жұмыстарға қадағалауды күшейтті. Бақылау жүргізудің жаңа критерийлері жасалып, өңірлерден алынатын мәліметтерді біріздендіру жұмыстары қолға алынды.
4. Партия мен тұрғындар арасындағы байланысты одан әрі жетілдіру бағытында қоғамдық қабылдау бөлмелерінің белсенділігін арттырып, жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеттелді. Қоғамдық қабылдауларға халықтан түсіп жатқан арыз-шағымдар түпкілікті зерделеніп, онда айтылған мәселелер жан-жақты талданбақ. Тұрғындардың талап-тілегіне атүсті қарағандардың жауапкершілігі таразылануда.
5. Партия өз атынан сайланған барлық деңгейдегі депутаттардың әлеуетін толық пайдалану мәселесін де көтерді. Бұл жерде қоғамдық қабылдауларда азаматтардың көтеріп жатқан мәселелерін мәслихаттарда жергілікті билік органдарының, ал Парламентте орталық атқару органдарының есебін тыңдау жұмысы жолға қойылды.
«Ақ жол» партиясының атынан телевизиялық дебатқа шығуы мүмкін спикер:
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы
2012 жылғы Парламент сайлауы қарсаңында өткен телевизиялық дебатқа қатысқан. Медиаортада жақсы таныс. Сөйлеу өнері жетік. Алайда кейінгі кезде сыни материалдар көптеп жарияланып жүр. «Азат Перуашевтың саяси трансформациясы» 01.02.2016.(http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_azat_peruashev_leader_of_akzhol_party/27522745.html) мақалада негізінен Перуашевтің саяси көзқарасының тұрақсыз екендігі айтылады. Азаматтық партия, «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларында белсенді болған. Парламент депутаты ретінде темекі бағасын қымбаттатуға қарсы болып, қоғам тарапынан сынға ұшыраған болатын.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен болған текетіресті де халық ұмытқан жоқ.
(http://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/azat_peruashev_bilim_ministrine_otstavkaga_ketudi_usindi-2015_05_27-1109117) Алайда Аслан Сәрінжіпов күні кеше ғана министр лауазымынан айырылды. Демек, саяси алаңда екеуара текетіресте Азат Перуашевтің асығы алшысынан түсіп тұр.
Ол 2013 жылдың қараша айында Үкіметті ашық сынады.
«Мен саясатта жүрген 20 жыл ішінде үкіметтің әр түрлі құрамын көрдім. Бірақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінен қазіргі үкімет ең әлсізі. Бұл менің ғана емес, жалпы «Ақ жол» фракциясының пікірі» деген болатын ол. http://tv7.kz/kz/news/show/6668
ЖСДП телевизиялық дебатқа шығуы мүмкін спикерлер ретінде партия төрағасы Жармахан Тұяқбай немесе осы партиядан үміткер Уәлихан Қайсарды атауға болады.
Екеуінің де сайлауалды дебатқа қатысу тәжірибесі бар.
Жармахан Тұяқбай 2005 жылы ҚР Президенттігіне үміткер болды. 2005 жылғы Президент сайлауы алдында және 2012 жылғы Парламент сайлауы алдындағы телевизиялық пікірсайыстарға қатысқан. Көбінесе тақырыптан ауытқып, жалпылама сын айтады. 2005 жылғы Президент сайлауы алдындағы теледебат кезінде мемлекеттік сапармен Украинаға кеткен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты ашық пікірсайыстан қашты деп айыптады. Ол кезде Украинада Ющенко бастаған оппозиция өкілдері алғашқы майданды ұйымдастырып жатқан болатын.
Кемшілігі – уақытын тиімді пайдалана алмайды. Асықпай сөйлейді, өзіне берілген уақытты өткізіп алады.
ЖСДП мен «Азат» біртұтас кезінде теңтөраға Болат Әбілевпен түсінісе алмады. Кейіннен «Азат» партиясынан бөлінгеннен кейін де өз партияластарымен дауласты. Дәлірек айтқанда ЖСДП хатшысы Әміржан Қосановты партия қатарынан шығарып, қолдаушыларын азайтып алды.
Уәлихан Қайсаров 2005, 2011, 2015 жылдары ҚР Президенті үміткерлігіне үміткер болған.
Президент сайлауларында кандидатурасын заң талаптарына сай емес деп алып тастайтын Орталық сайлау комиссиясын айыптайды. Мемлекеттік тіл сынағынан өтпей қалған кезіндегі сұхбаты мына жерде: http://thenews.kz/2011/02/09/724301.html
Мемлекеттік тілге шорқақ. Бірақ «Кенесары» қорының президенті ретінде аздаған қазақы ортаға сөзі өтімді. Хан Кененің басын қайтаруға барымды саламын деп, газеттерге берген сұхбаты бар. Сұхбатқа сілтеме:
Кемшілігі – бірнеше партияға мүше болған.
Тіркелмеген «Абырой» партиясының төрағасы (03.2004-06.2004);
ЖСДП «Азат» саяси кеңесінің президиум мүшесі (10.2009 жылдан);
«Әділет» партиясының бірінші орынбасары (12.2011-01.2012);
«АУЫЛ» ХПП телевизиялық дебатқа шығуы мүмкін спикерлер:
Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық патриоттар партиясының төрағасы
1987-1991 жылдар аралығында Коммунистік партияның әртүрлі деңгейдегі жұмыстарына араласқан. Тәуелсіз Қазақстан тарихында партиялық жұмыстарға араласпаған. Мемлекеттік қызметте тәжірибелі болғанымен, партиялық жұмысқа 2015 жылдың қыркүйек айынан бері ғана араласып келеді. Сенатор, әскери шені – полковник. Ауылшаруашылығы институтын бітіргенмен, бұл салада жұмыс істемеген. «Ауыл» ХПП екі партияның («Ауыл» СДП және Патриоттар партиясы) қосылуымен үлкен партияға айналғанымен, ішкі құрылымдық өзгерістер жасаған жоқ.
Бөрібай Жексембин, «Ауыл» халықтық патриоттар партиясының хатшысы.
Партия платформасына сәйкес, ауылшаруашылығын жетік білетін маман ретінде жақында ғана хатшы болған Бөрібай Жексембинді атауға болады. Еңбек өтілін Бас зоотехник, кеңшар директоры боп бастаған ол Приозер аудандық және Жезқазған облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген.
«Бірлік» партиясынан телевизиялық дебатқа шығуы мүмкін спикерлер:
Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы
Көпшілік алдына шыға бермейді. Халыққа танымал емес. Медиатұлғаға айналмаған. «Бірлік» партиясы екі рет қана съезін өткізді. Серік Сұлтанғали бизнес, құрылыс, инфрақұрылым салаларын жақсы білетін маман.
Болат Байқадамов, «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары
1988-1991 жылдар аралығында коммунистік партия жұмысында қызметтер атқарған.
2007-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясында Төрағаның бірінші орынбасарының кеңесшісі, парламентаризм мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Президент әкімшілігінде консультант, ішкі саясат бөлімінде меңгеруші болған.
Ішкі саясат, идеология мәселелерін жетік біледі. Саясаттанушы, экономистермен байланысы жоғары. Эксперттік ортада сөзі өтімді.
ҚХКП атынан телевизиялық дебатқа шығуы мүмкін спикерлер:
Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков.
В. Косарев 2012 парламент сайлауы қарсаңында телевизиялық дебатқа қатысқан. Сөзге шешен әрі уақытын тиімді пайдаланады. Кемшілігі – мемлекеттік тілді білмейді. Дебат екі тілде өтетіндіктен 2001 жылы осы партиядан Президенттікке үміткер болған Жамбыл Ахметбеков қатысуы мүмкін. Сайлауалды жұмыстардан тәжірибесі бар. Екі тілде еркін сөйлейді. Партияның хатшысы. Екеуі де өткен шақырылымда депутат болған. Заң шығару процестері бойынша тәжірибелі болып саналады. Бұл партияның 2015 жылғы Президент сайлауында да, биылғы саяси науқанда да сайлауалды штаб жұмысын басқарған Айқын Қоңыровты да дебаттан көріп қалуымыз мүмкін. Жас әрі, замануи көзқарастағы депутат ретінде танылды. Алайда, оның да кемшілігі қазақ тілін білмеуінде. Нан бағасын 300 теңге етуді ұсынған Айқын Қоңыров ауыр сынның астында қалған болатын. Мына жерде сұхбаты бар: http://jasqazaq.kz/2015/09/18/kommunist-deputat-nan-arzan-deyd.html