Ассанжға сыйлық бердік

Жаңалықтар
24.06.2014, 11:05

 

     Журналистер күні қарсаңында австралиялық журналист Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. «Біз жыл сайын журналистерді сыйлыққа ұсынамыз. Биыл лауреат атағы республикалық, сонымен бірге, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының ондаған өкіліне берілді. Журналистер одағы басқармасының шешімімен «журналистік тексеру» номинациясы бойынша сыйлықты Джулиан Ассанжға беруді ұйғардық. Ол, ең алдымен, WikiLeaks сайтымен және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына біздің елмен байланысты материалдардың ұсынылуына байланысты. Бүгін түстен кейін біз Ассанжға диплом мен фунт стерлингке ауыстырылған ақшалай сыйақыны беріп жібереміз. Сәлемдемені Эквадордың Лондондағы елшілігіне жібереміз. Біз оның қай жерде екенін білеміз», - деді Матаев телефон арқылы.

     Айта кетейік, Джулиан Ассанж WikiLeaks сайтындағы атышулы құпия мәліметтерінің арқасында танымал болған еді. Құпия құжаттарды жария еткені үшін ол әуелі 2010 жылы Лондонда қолға түсті. Қазір Эквадордың Ұлыбританиядағы елшілігінде бой тасалап жүргенге ұқсайды.

http://kaz.tengrinews.kz/

 

Сұхбат

PhotoRoom