Шымкент әкімі қаланың әлеуметтік жағдайына қатысты жиын өткізді

Жаңалықтар
24.02.2016, 19:35

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Онда қала тұрғындарын ауыз сумен, газбен, электр жарығымен қамтамасыз етудің жағдайы, сондай-ақ қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының сапасы туралы және бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту мәселелері талқыланды.

   Мәжілісте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров баяндама жасады. М.Әбдінұровтың айтуынша, 2015 жылы қалада инфрақұрылым жұмыстарына жіті көңіл бөлініп, жүйелі істер жүзеге асқан. Мәселен, ауыз су бойынша қалада 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған. Ал биыл 7 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

     – Бюджеттен қаралған 3516,4 млн теңге қаржыға құрылыс жұмыстарын толығымен маусым-шілде айына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда («Нұртас» шағынауданы, Сайрам тұрғын алабы, «Мирас», «Қайтпас-1» шағынауданы (2-ші кезең), «Самал-3» ш/а (2-ші кезең), «Ұлағат», «Қызылжар» және «Ынтымақ» шағынауданы). Нәтижесінде, 12 жоба іске қосылып, 57,4 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылады, – деп атап өтті.

      Табиғи газ бойынша айта кетсек, 2015 жылы Шымкентте 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Олар – «Самал-3», «Қайтпас-2», «Қазығұрт», «Гидролизный» және «Еламан», «Құрсай» шағынаудандары. 2016 жылы қалған 3 нысанның  құрылыс жұмыстары тамыз-қыркүйек айына дейін аяқталып, пайдалануға тапсыру жопарлануда («Самал-2», «Таскен» және «Мирас» шағынауданы). Нәтижесінде, 8 жоба іске қосылып,  65,5 мың. адам газбен қамтылмақ.  Электр жарығы бойынша 2015 жылы 4 нысанның 3-нің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған («Сәуле»,  Қайнар Бұлақ саяжайы, С.Рахимов, МПС, Теміржолшы және 167/10 ТБ көшелері). 2016 жылы электр жарығы бойынша

7 нысанның  құрылыс жұмыстары желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға тапсыру жопарлануда («Қайтпас-2»  (2-ші кезең),

«Достық-2» (2-ші кезең), «Қайтпас-1» (3-ші кезең), «Ынтымақ», «Ақниет» шағынауданы, Жастар, Еламан, Застенная көшелері, қосалқы стансасы «Бозарық 220/110/10кВ» - құрылыстың құны 9142,4млн.т.). Нәтижесінде, 10 жоба іске қосылып, 68,3 мың адам сапалы электр желілерімен қамтылды.

      Жиында Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының сапасы жөнінде баяндады. Жауапты маманның мәлімдеуінше, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына

2015 жылы республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге, облыстық бюджеттен 3 млрд теңге қаржы қаралып, игерілген.

      – Аталған қаржыға жалпы 41 тұрғын үйдің (3059 пәтер саны, 167 153 ш.м.)  құрылысы жүргізіліп, оның 37 тұрғын үйі (2699 пәтер саны, 147 477 ш.м.) пайдалануға тапсырылды. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. 2014 жылғы статистикалық өсу динамикасымен салыстырғанда пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер саны 2015 жылы 4 есе артық орындалғандығын көрсетуде, – деді бөлім басшысының орынбасары. Оның айтуынша, 2016 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес, бүгінгі күнге 4 тұрғын үй

(576 пәтер, 29 656 ш.м.), 1 жатақхана (35 пәтер, 3754 ш.м.) құрылысына облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мәжілісті қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қорытындылап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

      – Бұған дейін Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы жобасын нақтылап алғанбыз. Ондағы жоспарлар қаңтар айында мәслихатта бекітілді. Тұжырымдамада тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалардың даму тетігі қарастырылған. Қаланың әлеуетін арттыруда және сәулеттік жобасын көркейтуде биыл көп жұмыстар атқарылатын болады, – деді қала әкімі.

shymkent.gov.kz

Сұхбат

PhotoRoom