Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін, еліміздің көркейіп-гүлденуі үшін қажырлы еңбектеніп жатқан барша ел халқына зор алғысын білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бүгінгі күні еліміздің алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Қазіргі уақытта менің Жолдауымды, «100 қадам» ұлт жоспарын, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан бүгін барша Қазақстан халқына зор алғысымды білдіргім келеді. Бірлігі жарасқан, достық пен өзара түсіністікке ұмтылған халыққа алғыс айтамын. Әр отбасыға, әр үйге амандық, шаттық пен қуаныш тілеймін», - деген Елбасы Алғыс айту күнінің еліміздегі әркімнің жанына жақын, маңызды мейрамдардың біріне айналарына сенім білдірді.
Айта кетейік, биыл 14 қаңтарда Президент бірінші наурызды Алғыс айту күні ретінде белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін ел халқы бұл мейрамды алғаш рет атап өтіп отыр.