Алаштың Әлиханына арналған кеш өтті

Жаңалықтар
05.03.2016, 10:25

Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында наурыз айының 4 күні қоғам қайраткері, ғалым, «Алашорда» үкіметі, «Алаш» партиясының төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына байланысты «Алаштың Әлиханы» атты танымдық кеш өтті.

Кештің негізгі мақсаты: Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, жалынды публицист, ғұлама ғалым, әрі шебер аудармашы- Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірі мен қоғамдағы ролін, қызметін жан-жақты терең зерттеу, тану, таныту, келешек жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.

Өткен XX ғасырда ұлтымыз талай қилы кезеңдерден, тарихи сындардан өтті. Бірнеше саяси репрессияны бастан кешірді.

12819392_973731146054240_6992702884421315762_o

Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар, қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті.

Солардың бірі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, жалынды публицист, ғұлама ғалым, әрі шебер аудармашы- Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан болды.

Әлихан Бөкейхан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріскен бірден бір тұлға болып табылады. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігі үшін арналған аяулы ұлы тұлғамыз.

Кеш Абай қорық-мұражайы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаеваның алғы сөзімен ашылды.

«ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір және Әлихан Бөкейханов» тақырыбында М.Қозыбаев атындағы тарихи-әлеуметтік орталықтың директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор М.Кәрімов. «Семей қаласы жаңа заман тарихын құжаттандыру мұрағатындағы Әлихан Бөкейхан жайлы деректер» тақырыбында мұрағаттың ғылыми-анықтамалық ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Л.Қадырова баяндама оқыды.

Сондай-ақ кеш барысында Абай мұражайының қызметкерелері Уахметова Б, Мұхамеджанова С. өз өнерлерін көрсетті. Абай мұражайы жанына ашылған «Абай» өнер мектебінің шәкірттері өз арнауларын оқыды.

Кешке қаламыздың зиялы қауымы, мұражай қызметкерлері, әдебиет сүйер қауым қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom