Құқық бұзушылыққа төзбеу – азаматтық қоғамның міндеті

Жаңалықтар
11.02.2016, 10:47

Құқық бұзушылыққа төзбеу – азаматтық қоғамның міндеті, деді Strategy2050.kz сайтына берген сұхбатында «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҮЕҰ өкілі Ермек Әбрасулов Ұлт жоспары аясындағы «Заң әділдігі» реформасы туралы мәлімдеді.

«Ұлт жоспары «100 нақты қадам» екінші реформа – «Заң әділдігі» өте маңызды позицияға ие. Егер заңды барлық мемлекеттік органдар, азаматтар мен барлық тұлғалар сақтайтын болса, біздің қоғам 30 дамыған елдің қатарына ене алады», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, заңның сақталуы – бұл тек мемлекеттік органның мақсаты ғана емес, бірінші кезекте азаматтық қоғамның міндеті, біріншіден, отбасында құқық бұзкшылыққа төзбеу тәрбиеленуі керек».

«Қоғамның әрбір мүшесі оның тәрбиесі мен жүріс-тұрысы қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Бұл мемлекеттің экономикалық қоғамдық, әлеуметтік, мәдени дамуына әкеледі», - деді ол.

Тегтер:
100 қадам

Сұхбат

PhotoRoom