Шетелдік серіктестермен тығыз жұмысты 4-5 жыл бойы жүргізіп келеміз және олармен бірге ешкімге ұқсамаған білім беру бағдарламаларын жасадық, бұл бағдарламаны 10 колледжбен бөлісетін боламыз. Ол өз кезегінде аймақтағы колледждердің тәжірибесін тарататын болады. Бұл жөнінде «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ басқарма төрағасының м.а. Айжан Ахметова айтып өтті.
«77 қадамда 10 ЖОО мен 10 колледждерде өсу нүктелерін жасау керектігі айтылған. Кәсіби-техникалық білімге жауапты болғандықтан, 10 әріптес колледждермен жұмыс істейміз. 10 колледжбен жұмыс істеу барысында әр колледжге стратегия жасадық. Құжатта олардың болашақтағы жұмыстары, әркімнің өз аймақтарында өсу қарқынын жасауы айтылған. Бұл стратегия көптеген бағыттарды алатын болады және аталмыш колледждерді модернизациялау бойынша, яғни білім білім беру бағдарламасынан бастап, мұғалімдерді дайындау, жұмыс берушілермен жұмыс, сонда-ақ колледждерді керекті жабқдықтармен қамтамасыз ету»,-деді ол.
А.Ахметованың айтуынша, холдинг шетелдік серіктестермен 4-5 жылдан астам жұмыс атқаруда.
«Холдинге келетін болсақ, 10 колледжге қандай көмек көрсетудеміз? Біз шетелдік серіктестермен бірге білім беру бағдарламасын жасадық. Президенттің Жолдауында айтылып өткендей, кадрларды дайындау бойынша міндетті түрде шетелдік әріптестер Канада, Сингапур, Ұлыбритания, Австралия және т.б орталық ашу керек. Аталмыш шетелдік әріптестермен 4-5 жылдан астам жұмыс жасап келеміз. Олармен ешкімге ұқсамаған білім беру бағдарламасы жасалды және ол бағдарламаны келешекте 10 колледждермен бөлісетін болады. Бұл бірінші бағыт»,-деді ол.
Екінші бағыт, холдинг басшысының м.а. сөзі бойынша, аталмыш колледждерге менеджерлерді, мұғалімдерді, өндірістік оқыту шеберлерінің кадрларын дайындау жұмысы жүргізіледі.
«Қазіргі күні 10 колледждің ішінен 50-ден астам мұғалімдер жоғары біліктілікті өтті. Жоғары біліктілік жұмысы жүйелі, дәйекті және тиісті қадамдардан тұрады. Алдағы уақытта осы колледждер бойынша мұғалімдерді оқыту жұмысын жалғастырмақпыз. Кәсіби-техникалық базаның материалдары бойынша, білім беру бағдарламасы аясында шетелдік серіктестердің айтуы бойынша айтылған жабдықтар қолданылады. Бұл студенттердің жоғары білікті маман болып шығуына септігін тигізеді. Аталмыш ұсыныстарды колледждермен бөлісуіміз керек. Олар жұмыс берушілермен жұмыс істеуде»,-деді А.Ахметова.
Осылайша, А.Ахметованың айтуынша колледждердің жұмыс берушілермен қалай жұмыс істеу керектігі бойынша әдістемелік жұмысы жүргізілуде.
«Бұл үлкен жұмыс. Өйткені колледж нарық еңбегіне, өндіріске жақын. Сол себепті олармен серіктестік жасау өте маңызды»,-деді ол.
Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, аталмыш колледждер екінші бесжылдық ИИДМБ-ның орталығы, яғни Мемлекеттік индустриалды-инновациялы бағдарламасы бойынша керекті мамандықтар таңдалды.