«Мәңгілік ел» акциясының қатысушылары Балхаш қаласының тұрғындарына Ұлт жоспарының маңызды қадамдарын түсіндірді

Жаңалықтар
18.02.2016, 10:52

Қала еңбеккерлері мен металлургтері «Мәңгілік ел» поезын мерекелік көңі-күймен қарсы алды. Қатты аязға қарамастан Балхаш қаласының темір жол вокзалында көптеген адамдар жиналды.

«Балхаш – көпұлтты халық және Балхаштық тұрғындар «Мәңгілік ел» атты Мемлекет басшысының идеясын бірден қолдады. Алдағы уақытта Елбасының бұл идеясын одан әрі дамытуға күш салысатынымызға сенемін»,-деді Балхаш қаласының әкімі Александр Аглиулин.

Поез өкілдері қалалық мұражайда Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтарымен кездесті, Білім және ғылым министірлігінің қызметкерлері мұғалімдер мен оқушыларға семинар ұйымдастырды, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер емделушілерді қабылдады, ал ХҚО өкілдері мен заңгерлер Балхаш қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, маңызды сұрақтарды талқылап, Ұлт жоспарының маңызды қадамдарын түсіндірді.

«Балхаш қаласының ХҚО-на көптеген өтініштер түсуде – 1000-1200 адам күніне. Көбіне азаматтарға мекендік анықтама, тұрғын үй және әлеуметтік көмек мәселесі қызықтырады. Біз оларға қолдан келгенше көмек көрсетудеміз. Министрлік төрағалары пен мамандардың келуі – біздер үшін маңызды көмек. Кездесу барысында көптеген көкейдегі сұрақтарды талқылай аламыз»,-деді Балхаш қ. ХҚО бөлімінің жетекшісі Бағдат Жақұпбекова.

«Мәңгілік ел» акциясының қатысушыларына көбінесе кәсіпкерлер келді. Жергілікті ХҚО қызметкерлерінің хабарлауынша, жеке тұлғаның сұрақтарын жедел түрде шешілуге тырысады және Астана сарапшыларымен жаңа технологиялар, электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет туралы мәселелер бойынша кеңестер жүргізу керек.

Тегтер:
100 қадам

Сұхбат

PhotoRoom