«100 қадам» Ұлт жоспарының 97 қадамын іске асыру мақсатындаҚазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылдың қарашасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретін кеңейту бойынша сәйкес нормаларын енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп және қабылданған болатын, деп хабарлады ҰЭМ.
Заңмен:
- ауылдық әкімдеріне заңды тұлғалардың көлік және жер қосымша екі салығын, сондай-ақ, елді мекен территориларында жер учаскелерін мақсатсыз пайдалануы және заңсыз иемденуі үшін айыппұл салу құқығын қосымша беру;
- жергілікті қоғамдастық жиналысына жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қолма қол ақшаны бақылау шоттары есебінен алынған меншікті иеліктен шығаруға келісімін беру құқығын, жергілікті әкімдерді тағайындау бойынша ұсынылған кандидатураларға келісім беру, оны қызметтен босату мәселесін көтеру және жергілікті маңызы бар басқа да мәселелерді шешу бойынша нормаларды енгізу ;
- қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір және бірнеше сайлау округтері шегіндегі әкімнің қала тұрғындарымен байланысы үшін мәслихаттардың территориялық өзін өзі басқару кеңестерін құру бойынша нормаларын енгізу қарастырылады. Аталмыш кеңестердің негізгі міндеті
– биліктің атқарушы және өкілетті органдарының азаматтармен жұмыс кезінде көмек көрсету, азаматтарды ТКШ мәселелерін шешуге, құқықбұзушылықты алдын алуға тарту.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту кезеңдермен іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде дербес бюджеті және жекеменшігімен толыққанды өзін-өзі басқаруды құру.
ҚР ҰЭМ Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы: «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның ұсынысына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және жекеменшігін енгізу 2018 жылдан бастай отырып кезеңдермен іске асыруға ұсынылып отыр», - деп нақтылады.
Ұсыныстарды әрі қарай жетілдіру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігімен заңжобасын құру бойынша жұмыс басталып, оның шеңберінде еліміздегі жергілікті өзін өзі басқару жүйесін әрі қарай дамытудың негізгі тұжырымдамалық бағыттардың шешілуі қарастырылады.
Марғұлан Ермағанбетұлы: «Аталмыз заңнаманы әзірлеу барысында жергілікті өзін өзі басқару саласындағы сәтті халықаралық тәжірибе байқалып отырған ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі зерттелетін болады, сондай-ақ, халықаралық және отандық мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстары да ескерілетін болады», - деп айтты.