«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Бірлік» филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Арман Шаққалиевтің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымында партия жиналысы өткізілді.
Өзінің негізгі баяндамасында партия мүшесі, ҚР Инвестициялар және даму Министрлігінің стратегиялық жоспарлау бөлімі директорының орынбасары Әлия Әміржанова, қатысушыларды «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асыру негізінде жүргізіліп отырған іс-шараларымен таныстырды.
«Ұлт жоспары «100 нақты қадам» және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы «Қазақстан- 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.» - бұл біздің бүкіләлемдік дағдарысқа төтеп беретін жауабыз болмақшы. Әрбір партия мүшесінің қосқан үлесі жоспарланған стратегиялық бастамалардың іске асуы мен барлық қазақстандықтардың өзіндік орнын айқындауға себебін тигізетініне сенімдімін.» - деп А.Шаққалиев сенімділік білдірді.
Қайта партия қатарына енген партия мүшелері салтанатты түрде партия ардагері Қ.И. Садуақасовтың қолынан партия билеттерін алды.