Қоғамдық кеңес алғашқы жиынын өткізді

Жаңалықтар
14.03.2016, 19:14

Бүгін Шымкент алалық  әкімдігінде Қоғамдық кеңес мәжілісінің алғашқы отырысы өтті. Онда шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қаланың 2015 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. 

Алқалы жиында қала басшысы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, абаттандыру, қоғамдық көлік, тұрғын үй саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айта келе,  алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды сөз етті. Өз сөзінде шаһар басшысы өткен жылдың табысты өткендігіне тоқталып, қаланың бюджеті де, тұрғындар саны да айтарлықтай өскендігін тілге тиек етті.  Әрі, алда экономикалық өсімді тұрақты ұстау,  қоғамдық тәртіпті орнату, қала тұрғындарын мәдениет саласына назар аударту бағыты бойынша жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, аталмыш кеңесте сәулет, қала құрылысы, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде де айтылып, арнайы комиссия құрылып, олардың төрағалары мен мүшелері бекітілді. Мұнда білім беру, медицина, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт, әлеуметтік және құқық қорғау мәселелері, туризм, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, нормативтік-құқықтық бағыттар мен экономикалық даму мәселелері де қамтылған.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom