Ертең Премьер-министрге кез келген адам сауал қоя алады

Жаңалықтар
29.03.2016, 16:47

Ертең ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына Ұлттық комиссия төрағасы – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, сондай-ақ реформаның бес бағыты бойынша жұмыс топтарының жетекшілері – ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Бекетаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов, ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қатысады.+

2016 жылдың 28 наурызынан сауалдар қабылдайтын call-орталық жұмыс істейді. ҚР Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін).

Сұхбат

PhotoRoom