Ұлт жоспары аясында сот жүйесін жаңғыртуда кәсіби мамандар іріктелмек

Жаңалықтар
29.03.2016, 17:10

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында сот жүйесін жаңғырту үшін сотқа кәсіби мамандар келді, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Елена Максюта.

«Өткен жылы Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында барлық негізгі заңдар қабылданды. Бұл жерде бәрінен бұрын судьяларды қатаң іріктеу мәселесіне ерекше мән берілді. Қазір судьяларды іріктеудің жаңа ережесі бар. Сотқа көлденең көк аттылар мен бұл салаға еш қатысы жоқ адамдар емес, сот жүйесінде жұмыс істеген тәжірибесі бар адамадар ғана келе алады. Яғни, сот саласында істеген еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы керек»,-деді Е.Максюта.

Сонымен қатар, мемлекет олардың бір жыл тағылымдамадан өтулері үшін қаржы бөлді. Яғни, бір жыл еңбегі төленетін тағылымдамадан өтетін болады.

«Көптеген үміткерлер теориялық тұрғыдан жақсы дайындықпен келгенмен, тәжірибе жүзінде осалдық танытады. Сол үшін еңбегі төленетін бір жылдық тағылымдама енгізілді. Осы уақытта үміткер сот саласының біраз қырларымен танысып, тәжірибе жүзінде көптеген мәселелермен бетпе-бет келеді. Содан кейін өзінің судья болып қызмет атақара алатыны енемес қолынан келмейтіні белгілі болады. Одан кейін жұмысқа келген маман бір жыл сынақ мерзімінен өтетін болады. Оның қалай жұмыс істегені, сот актілерін қарауы мен сапасы бағаланады. Содан соң барып, оның сол жерде тұрақты жұмысқа қалатыны немесе қалмайтыны туралы шешім шығарылады»,- деп атап өтті ҚР Жоғарғы Сотының судьясы.

Сонымен қатар, жұмыс істеп жүген судьялардың өзі әр 5 жыл сайын аттестациядан өтетін болады.

«Аттестация судьяның іскерлік сапасы мен жұмыс сапасына қарай бекітіледі. Мәселен, ол қалай жұмыс істегенін қарайды және теориялық білімін тексереді. Бізде әрқашан заңнама алда жүреді. Заң ауысады, өзгесітер мен толықтырулар енгіледі деген сияқты. Сондықтан аттестация өтіп тұрады»,-деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 17-ші қадамында Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ туралы айтылады. Міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер СОТТАРДА стипендия төленетін БІР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья БІР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН өтеді.

 

Сұхбат

PhotoRoom