«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының қаулысымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Мейрам Пішембаев Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген, экономика ғылымдарының докторы.
1989 жыл мен 2004 жылдар аралығында «Ақсу» АҚ басқармасының төрағасы, Қазақстандағы «Роснефть» компаниясының өкілдігі басқармасының басшысы, «Қазмұнайком» ЖШС вице-президенті, Павлодар ПМҚЗ-да «Қазақойл» ҰК ЖАҚ бас менеджері қызметтерін атқарды.
2004-2006 жылдары «Қазақсельмаш» корпорациясы ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан мәшине құрылысшылары одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы болды. 2007 жылдан бері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.
Айта кетейік, Республикалық кеңестің міндеті – отандық кәсіпкерлікке бәсекелестікті арттыру жөніндегі партияның, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктер мен меморгандардың күш-жігерін жұмылдыру. Кеңес тұжырымдамалық ұсыныстарды, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі нақты кәсіби шешімдерді пысақтау үшін қоғамдық сұхбаттасу алаңына айналуды көздейді.