Аутсайдер әкім қызметінен кетті

Жаңалықтар
08.09.2015, 10:17

Бүгін Қостанай облысының әкімі Н. Сәдуақасовтың өкімі бойынша Қостанай қаласының әкімі Ахметжанов Ахметбек Масақбайұлы өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтында хабарлады.

Әкімнің міндетін уақытша атқару Қостанай әкімінің орынбасары Сәндібеков Қайрат Амантайұлына жүктелді.

SAIGEZ.KZ жаңа саяси маусымнан қала әкімдерінің рейтингін сарапшылармен кеңесіп түзуді қолға алған болатын. Алғашқы рейтингте Қостанайдың ендігі экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов ең соңғы, 14-орында қалған болатын. Аутсайдер әкімге сарапшыларымыз лайықты бағасын бергені осыдан-ақ аңғарылса керек. Рейтингте берілген бағада былай деп жазылған еді:

Қарамағындағы адамның іс-әрекетіне басшысы да жауап беруге тиіс деген қағида қисынды еді. Алайда, бұл принциптің біздегі шенеуніктерге түк қатысы жоқ сияқты. Қостанай қаласы жақында 136 жылдығын атап өткенімен, атышулы жемқорлық фактілері қаланың атын шығарды. Ахмедбек Ахметжановтың екі бірдей орынбасары істі боп жатыр. Қала өмірі туралы айтпастан бұрын, әкімнің кадр таңдаудағы «көрегендігі» оның анық аутсайдер екенін көрсетті.

SAIGEZ.KZ

Сұхбат

PhotoRoom