Кеше қызметтен кеткен әкім бүгін ұсталды

Жаңалықтар
09.09.2015, 10:58

Қостанай қаласының күні кеше ғана қызметінен өз еркімен кетті деген әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы ақпаратты ҚазАқпарат Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл оқиға кеше департамент мекемесінде Ахметжанов тергеуге түсініктеме беріп жатқанында орын алды.

Жуырда Қостанайда кәсіпкерлер Леонид Васильев пен Сергей Биктибаев ұсталған. Тергеудің пайымынша, шенеунік Ахметжанов Қостанайдағы балабақшаның құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсында бұл бизнесмендендің мүдделерін қорғамақ болған.

Жоба құны 600 млн. теңге.

Ахметжановты қамауға алу туралы тергеу өтініші ертең, 10 қыркүйекте қаралады.

Сұхбат

PhotoRoom