ОҚО әкімі өнеркәсіп орындарын аралады

Рейтинг
18.10.2016, 19:40

14720519_1089851697797835_1466843982073699507_nӨңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі өнеркәсіп және агроэнеркәсіп кәсіпорындарын аралады,-деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен, аймақ басшысы қаладағы облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.  Орталықтың  көмегімен бұл күнге дейін 108 мыңға жуық кәсіпкер кеңес алып, 27 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік мектебін тәмамдаған. Ал қаржыландырылатын жобалар 4 мыңға жуықтайды.

Кездесу барысында облыс əкімі кəсіпкерлер үшін əкімшілік кедергілерді жою үшін нақты іс шара жоспарын жасап  ерекше қолға алу керектігін тапсырды.

Жұмыс сапары кезінде Жансейіт Қансейітұлы жалпы аумағы 89 га болатын «Тассай» индустриалды аймағында болып, жұмысын көрді. Болашақта мұнда 23 зауыт жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек аталған аумақ Қазақстандағы ең үлгілі индустриялды аймаққа айналуға қауқары бар.  Себебі мұнда кәсіпкерлерден 100% инвестиция тартылған. Фармацевтика, машина14731160_1089851747797830_6346630503163216315_n жасау және жиһаз индустриясы секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған аймақты аралаған облыс әкімі кәсіпкерлердің мәселелеріне қанығып, оны шешу жолдарын талқылау жөнінде жиналыс ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар сапалы инфрақұрылым тартуды жүктеді.

Мұнан бөлек, Ж.Түймебаев қаладағы су сорғыларын шығаратын «Karlskrona LC AB» ЖШС мен «Azala textile» тоқыма кешенінде болды. Жылына 6500 дана тиегіш сорғы мен дистік айналма бекітпелер шығаруға мүмкіндігі бар «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің автоматтандыру деңгейі жоғары болуының есебінен 40 адам жұмыспен қамтылған.

Ал «Azala textile» тоқыма кешені жылына 2 824 тонна иірім жіп, 13 млн. погонды метр мата, 2 млн. төсек жабдығының жиынтығы және 7 млн. дана түкті тігін бұйымдарын өндіруге қауқарлы. Айта кету керек, тоқыма фабрикасы сынды өнеркәсіп орны елімізде әзірге, жалғыз.

Өз саласында бірегей кəсіпорынды аралау барысында өңір басшысы мемлекеттік отандық өнімге мемлекеттік  тапсырысты күшейтуге нақты жұмыс жоспарын түзуді тапсырды.

 

Сұхбат

PhotoRoom