Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Естеріңізе сала кетейік, Үкімет отырысында қаралып жатқан мәселе - 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ні дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасы. Оның аясында отандық ауылшаруашылық тауарларының экспортын дамытудың жаңа тетіктері қарастырылған.
"Біз Үкімет мүшелерімен бірге Елбасының қабылдауында болдық. Барлық үш бағдарлама бойынша толық мағлұмат берілді. Елбасының тарапынан негізінен екі бағдарлама мақұлданды. Ол - Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы және Өнімді еңбекпен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Ал тұрғын үй құрылысы бағдарламасына келер болсақ, ол жерде меxанизмдер бойынша Елбасының тарапынан ескертулер болды. Сол себепті бүгінгі отырысымызда алғашқы екі бағдарламаны талқылаймыз», - деді Үкімет басшысы Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.
Үкімет басшысы атап көрсеткендей, тұрғын үй құрылысына арналған бағдарлама Елбасының айтқан сындарына сәйкес, алдағы уақытта қайта қаралып, желтоқсан айында Үкіметтің қарауына шығарылатын болады.
"Сайгез-ақпарат"