Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысы Саранск шаxтасында қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақының берілетінін жеткізді.
Министрдің айтуынша, бүгінде аталған төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиға орнында жұмыс жүргізілуде. «Күні кеше біз Қарағандыда комиссияның кеңесін өткіздік. Тергеу амалдарына он күн берілді. Меніңше, келесі сенбіге дейін біз апаттың нақты себебін айта аламыз. Әрине, алдын ала болжам бар. Дегенмен, бізге нақты мәлімет керек», - деді Ж.Қасымбек.
Оның айтуынша, Саран шаxтасында қайтыс болғандардың отбасыларына бір жылдық жалақының он еселенген көлемінде өтемақы беріледі. Оны жұмыс беруші өтейді.
Айта кетейік, өткен аптада «АрселоМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Саранск шаxтасында төтенше жағдай болды. Адамдарды тасуға арналған монорельсті арбалардың бірі ажырап, төмен қарай құлдилап кеткен. Арбада жөндеуші бригада болған. Үш кенші оқиға орнында метр болса, тағы біреуі жансақтау бөліміне түскен. Алайда, артынан ол да көз жұмды. Қазір бірнеше адам ауруxанада жатыр.
"Сайгез-ақпарат"