Қала әкімдерінің рейтингі (ҚАҢТАР)

Рейтинг
08.02.2017, 16:40

for JakepashЖылдың басы әкімдер үшін, әсіресе қала әкімдері үшін үлкен сынақ болды. Өйткені, уақытша тіркеу туралы заңға көпшілік қарсы шығып, түсіндіру жұмыстарымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмысын жетілдіру бірінші кезекте тұрды. Бұл заң нормасы негізінен қала тұрғындарына қатысты болғандықтан, жұмысқа жегілгендердің арасында қала әкімдері де жүрді.

Барлық әкімдер әдеттегідей жыл басындағы есебін беріп жатыр. Халықпен кездесіп, жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, барлық облыс орталықтарынан Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиаданың алауы тұтанып, үлкен шара өткізуге мұрындық болды.

Жалпы қала әкімдерінің, әсіресе облыс орталығы басшыларының жүйелі жұмыс істеп, нәтижелі іс атқаруы – облыс әкімдеріне де абырой әпереді. Соңғы жылдары қала әкімі болған бірнеше лауазымды тұлғалардың бүгінде облыс басқарып отырғанын ескеретін болсақ, онда олардың жұмысына осы бастан баға беруге себеп бар. SAIGEZ.KZ сайты әдеттегідей қала әкімдерінің рейтингін жүргізуді қайта қолға алды. Бұл рейтингте Алматы мен Астана секілді мегаполистердің (облыспен теңестірілетін қалалар) басшылары есепке алынбайды. Негізінен барлық облыс орталықтарының әкімдері мен Семей секілді алып қаланы негізге алдық. Қала әкімдерінің жүйелі жұмыстары, ақпараттық белсенділігі, перспективасы және олардың жұмысы туралы негативтер мен оң бағыттағы мақалалар бағалаудың негізгі критериі ретінде қаралды. Осылайша «үздік бестік», «орта бестік» және «аутсайдер бестік» деген бағалаумен 15 қала әкімінің қаңтар айындағы көрсеткіштеріне тоқталайық.

0709

ҮЗДІК БЕСТІК

1. Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ШЫМКЕНТ қаласы

0.1

Шымкент қаласының әкімі қызметіне кіріскен күннен бастап белсенділігін төмендеткен жоқ. «Шымкент әкімі уақытша тіркеу мәселесін 50-ақ секундта түсіндіріп берді» деген ақпарат барлық сайттарда, барлық баспасөз беттерінде тарады. Тіпті, қала әкімінің түсіндіру жұмысына қатысты видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, тек қала халқының емес, күллі республика жұртының оң бағасын алды. Қаңтар айының соңында Шымкентте алғаш рет Қазақстан-Түркия бірлесіп өткізген инвестициялық форум 3 күнге созылып, шараға 200-ге жуық түркиялық делегаттар мен қазақстандық 300 кәсіпкер қатысты. Шара барысында 5 меморандумға қол қойылып, оңстүстік өңірдегі инвестициялық климаттың оң бетбұрыс жасауына атсалысты. Бұл облыс әкімдігінің деңгейінде өткен шара болғанмен, форумды қалада абыройлы өткізу қала әкімдеріне де жүктелді.

2. Әубәкіров Нұрлан Ерікбайұлы, ҚАРАҒАНДЫ қаласы

0.2

Нұрлан Әубәкіров үшін жыл позитивті нотада басталды. Қалада жылы аялдамаларды пайдалануға беруді бастады. Демеушілерді Алматыдан тауып, адам аяғы үзілмейтін көшелерге жылы аялдамалар қондырды. Жыл басында жаңа орынбасарын тағайындады. Биыл Нұрлан Ерікбайұлының Қарағанды қаласының әкімі болып отырғанына үш жыл толады. Толысты, тәжірибе жинады. Уақытша тіркеу туралы жағдайға байланысты алғаш болып қимылдаған, түсіндіру жұмыстарымен бірге жеңілдету жұмыстарын қолға алған әкімдердің бірі. Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайтына кірсеңіз, әкімнің жеке блогына келіп түскен жауаптарға дер кезінде жауап беріп, уақытында құлақ асып отыратынын байқайсыз.

Қала әкімі мұқтаж жандарға қан тапсырып, басқаларға үлгі болды. Бұл игі бастаманы әкімшіліктің басқа да қызметкерлері жалғастырды.

3. Календеров Нұржан Сәбитұлы, ТАРАЗ қаласы

0.3

Нұржан Календеровтың Тараз қаласының әкімі болғанына тура үш жыл болды. Үш жыл ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасады. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейлі той Жамбыл облысы мен Тараз қаласында өтті. Бұл қала әкіміне жүктелген үлкен жауапкершілік болатын.  «Күн отырмады, түн ұйықтамады». Қаланы көркейту жұмыстарын, мыңдаған мейманды бір мезетте қабылдау үшін шаһарды дайын қылды. Нұржан Календеров кез-келген шараға ерте қамданатын, қыстың қамын жаз ойлайтын қала басшыларының бірі. Тараз қаласының әр жыл сайын су тасқыны қаупі болуы мүмкін деп алаңдайтыны бар. Биыл қардың аз түскеніне, су тасқыны болу қаупі аз болғанына қарамастан, дайындықты қаңтарда бастап кетті. Төтенше жағдайға байланысты кешенді дайындық шараларын жиі-жиі ұйымдастырып, Тараз қаласының халқы мен нысандары барлық жағдайға дайын болу қажет деп тапты.

4. Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев, ҚЫЗЫЛОРДА қаласы

0,4

13 ақпан күні Нұрлыбек Нәлібаевтың Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалғанына тура 4 жыл толады. Қазіргі қала әкімдерінің ішіндегі ең тәжірибелісі. 2005-2007 жылдары қала әкімінің бірінші орынбасары болғанын қосатын болсақ, Н.Нәлібаевтың Қызылорда қаласына қосқан үлесі зор.

Қызылорда қаласы соңғы жылдары көп өзгерді. Қаланың инфрақұрылымы, қауіпсіздігі, тазалығы да жоғары деңгейге көтерілді. Кейбір қалалармен салыстырғанда тұрғындарының саны аз болғанымен, қалада салынып жатқан әлеуметтік нысандар өте көп.

Қырымбек Көшербаев секілді тәжірибелі басшымен тандем құрып, жуырда облыс әкімімен бірге Өзбекстанға барып, келіссөздер жүргізіп қайтты. Бүгінде әкімдердің алдындағы негізгі міндет – инвесторлармен келіссөздер жүргізу.

Қызылорда қаласы әкімінің рейтингте төртінші орынға жайғасуының бірден-бір себебі - республикалық БАҚ-тарда атының сирек аталуы. Басында айтып өткеніміздей, Нәлібаевтың қала әкімі болғанын 4 жыл толды. Сарапшылардың айтуынша, қала әкіміне қызметтік карьерасында алға қадам жасайтын уақыт келді. Ол үшін республикалық БАҚ-тарда аты жиі аталып, жұмысын көрсетуді тоқтатпау керек.

5. Нұржан Кемерұлы Әшімбетов, ПАВЛОДАР қаласы

0.5

Павлодар қаласын дамытуға байланысты қаңтар айының соңында үлкен жиын өтті. Жиын барысында қала әкімі Нұржан Әшімбетов жалпы құны 110,4 млрд теңгені құрайтын индустрияландыру бойынша 6 жоба ұсынды. Ұсынылған жобаларға қатысты облыс басшысы пікірін білдіріп, әзірге қаланы дамыту жоспарын 5 млрд теңге көлемінде жобалауға шақырды. Ал, ауқымды, ірі көлемдегі қаржыға салынатын жобалармен облыстық басқарма айналыссын деген тоқтамға келді.

Павлодар қаласы әкімінің 2017 жылғы жоспарлары өте көп. Көшелерді жөндеу, ағаш отырғызу, саябақтар салу. Биыл 11 автокөлік жолын күрделі жөндеуден өткізіп, барша қала тұрғындары мен қала қонақтарына арналған демалыс орнын ашу жыл жоспарында тұр. Қала әкімі атап өткен жоспардың уақытында орындалуын ұдайы бақылап отыратын боламыз.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың бұрын қала әкімі болғанын ескерсек, қазіргі қала әкімі Нұржан Әшімбетовке қойылатын талап жоғары. Өйткені, облыс басшысы қаланың ұңғыл-шұңғылына дейін біледі.

ОРТА БЕСТІК

6. Төреғалиев Нариман Төреғалиев, ОРАЛ қаласы

0.6

Сәуір айында Орал қаласы әкімінің жауапты қызметке келгеніне бір жыл толады. Қала әкімі бір жылға жуық уақыт аралығында көп тәжірибе жинап, қаладағы ахуалды реттеуге, кем-кетігін дұрыстауға, бөлінген бюджетті үнемдеуде ілкімді жұмыстар атқарды. Жоғарыда атап өткендей, БҚО әкімі Алтай Көлгінов бұған дейін Орал қаласының әкімі болды. Нариман Төреғалиевке қаланы басқару бір жағынан оңай болса, бір жағынан қиын. Оңай дейтін себебіміз, облыс әкімі үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Қиын дейтін себебіміз, үнемі облыс әкімінің үдесінен шығу оңай емес.

Орал қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі жұмысы бір ізге қойылған, тіпті басқаларға үлгі боларлықтай. Мәселен, Орал қаласы әкімдігінің инстаграмдағы парақшасына 30 мыңнан астам адам жазылған. Бұл парақша қала әкімдігінің жұмысын көрсетіп, екі тілде жиі жаңарып отырады. Күніне 3-4 материал жариялап (инфографика, видео, фото), қала өміріне қатысты жәйттармен оқырмандарын хабардар етіп отырады. Әкімдердің халықпен тығыз байланыс орнатуы - Нариман Төреғалиевтің рейтингте «орташа бестіктің» алдында тұруына себеп болды.

АУТСАЙДЕР БЕСТІК

10. Ермак Бидахметұлы Сәлімов, СЕМЕЙ қаласы

0.7

Аутсайдер бестікті Семей қаласы бастап тұр. Не үшін, не себепті деген сұрақтарға келсек. 2017 жыл – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100  жыл толады. Семей – Алаштың астанасы. Бірақ, Семей қаласы Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына байланысты дайындықты әлі бастаған жоқ. Тіпті, қала тұрғындарының айтуынша, Семей қаласында жүз жылдық мерейтойдың нышаны да байқалмайды. Қала ескірген, жолдар жөндеуден өтпеген. Жақында қала әкімі Ермак Сәлімов қаланы ретке келтіру үшін, көшелерді жөндеу үшін облыстық бюджеттен 500 млн теңге көлемінде қаражат сұраған болатын.

Жалпы, Семей қаласының барлық көшелері күрделі жөндеуді қажет етеді. Семей жолдарын қалпына келтіру үшін 1 млрд теңгеден астам қаражат керек.

Семей қаласының әкімі туралы БАҚ беттерінде жиі жазылады. Жазылып жатқан материалдардың дені қала тұрғындарының арыз-шағымы, өтініш-тілегі және талабы. Ермак Бидахметұлы қаланың инфрақұрылымы, қауіпсіздігі, тазалығы және көшелердің жөнделуін қолға алмаса, аутсайдер әкімдердің қатарынан озып шығуы қиындау болады.

P.S. Рейтингке қатысты сұрақтарыңыз болса saigezkz@gmail.com электронды адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.

Сұхбат

PhotoRoom