Қала әкімдерінің рейтингі (НАУРЫЗ)

Рейтинг
11.04.2017, 11:12

123Наурыз айы несімен есімізде қалды? Әрине, Наурыз мерекесін тойлау. Қазақстандықтар үш күн бойы Наурыз мейрамын тойлап, мерекелік шаралар  әр облыс орталығында, қалаларда, аудандарда, ауылдарда мазмұнды, көрнекі әрі ауқымды деңгейде тойланды.

Көптеген өңірлерде күн райы жылымай, жылу маусымы сәуір айына дейін жалғасты. Әлі күнге дейін еліміздің бірнеше өңірінде жылу маусымы тоқтаған жоқ. Көктем қарсаңында бірнеше қаланы су басып қалу қаупі бар. Сол себепті, қала әкімдері үшін атқаратын жұмыс шашетектен.

SAIGEZ.KZ республикамыздың түрлі қалаларындағы, әсіресе облыс орталықтарында өткен мерекелік шараларға шолу жасап, қала әкімдерінің атқарған жұмыстарына тоқталып өткен еді. Өйткені, мерекелік шаралар өткізу - қала әкімдеріне жүктелген үлкен міндеттердің бірі болатын.

SAIGEZ.KZ сайты әдеттегідей қала әкімдерінің рейтингін жүргізуді жалғастырады. Бұл рейтингте Алматы мен Астана секілді мегаполистердің (облыспен теңестірілетін қалалар) басшылары есепке алынбайды. Негізінен барлық облыс орталықтарының әкімдері мен Семей секілді алып қаланың басшысын негізге алдық. Қала әкімдерінің жүйелі жұмыстары, ақпараттық белсенділігі, перспективасы және олардың жұмысы туралы негативтер мен оң бағыттағы мақалалар бағалаудың негізгі критериі ретінде қаралды. Осылайша «үздік бестік», «орта бестік» және «аутсайдер бестік» деген бағалаумен 15 қала әкімінің НАУРЫЗ айындағы көрсеткіштеріне тоқталайық.

Ескере кететін бір жәйт, Тараз қаласының әкімі болып жақында тағайындалған Рүстем Дәулет наурыз айынан бастап қала әкімдерінің рейтингіне қатысады.

124

ҮЗДІК БЕСТІК

1. Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ШЫМКЕНТ қаласы

0.1

«Шымкент – қауіпсіз қала» акциясы өте белсенді жұмыс істеп, үлкен іс тындырып жатыр. Жедел жағдайды жақсарту, қылмыстың, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту – осының бәрі Шымкент қаласы әкімінің негізгі қарастыратын мәселелерінің бірі. Ақпан айындағы жалпы дауыс беру қорытындысы бойыншы Шымкент шаһарының «үздік қала» деген мәртебеге ие болуы осы шаралардың нәтижесінен. Үздік болу үшін қаланың тазалығы, ғимараттарының биіктігінен бұрын қауіпсіздігі бірінші орында болу шарт.

Шымкенттің дәмханалары мен түнгі клубтарына ескертулер жасалды. Қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметкерлері коммерциялық нысандарға арнайы барып, түнгі 23:00-ден кейін қоғамдық тыныштықты мейлінше сақтау қажеттігін талап етті.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолды (тротуар) арттыру, қалада велосипед пайдаланушыларды арттырып, оларға мүмкіндік жасау жоспарын әлі де жалғастырып жатыр. Өткен айда осы мәселеге байланысты арнайы жиын өткізіп, қала тазалығы, көгалдандыру, велотұрақтар салу, веложолдар төсеу туралы тағы да тапсырма берді. Шымкент қаласына көктем ерте түсетіндіктен, қала әкімі жаңа маусымды бәрінен бұрын бастап кетті.

Шымкент - Астана - Шымкент бағыттары бойынша тұрақты рейсті жолға қойылды. Биыл Шымкентте тұрғын үй қорынан 1600-ге жуық пәтер берілетінін айтты. Шымкенттегі Наурыз мейрамын тойлау Түркістан қаласында өткен республикалық шараның тасасында қалған жоқ. Ең қызықты шаралар шаһарда үш күнге ұласты. «Қызылжар» ықшамауданы 10 жыл күткен арманына қол жеткізіп, ауыз су тартты.

Шымкент билігі қаланың тарихи ауданы аумағын заңсыз салынған дүңгіршектер мен құрылыс базарларынан тазалауға кірісті. Сүрілген базарлар немесе сауда орындарына ақшалай өтемақыға, мысалы, бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған «Ордабасыдан» орын алуға болатынын айтты.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы шағын бизнеске қолдау білдіретін, барынша жағдай жасайтын қалалардың тізіміне енді. Экономикалық зерттеулер институты 4 мың кәсіпкердің арасында сауалнама жүргізіп, нақты индикаторлар бойынша Алматы мен Астана қалаларынан кейін ОҚО-ның, соның ішінде Шымкенттің шағын бизнеске қолдау білдіретін үздік үштікке жайғасқанын анықтады.

2. Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев, ҚЫЗЫЛОРДА қаласы

Нәлібаев

Бүгінде Қызылорда қаласының тазалығы барлығына үлгі боларлықтай дәрежеде. Қала халқының санында өсім болғанына, туристік әлеуеті артқанына қарамастан, қаланың тазалығын сақтау жүйеге қойылған. Нұрлыбек Машбекұлы қазіргі облыс орталықтарын басқарып отырған әкімдердің ішіндегі ең тәжірибелісі, ең іскері ретінде өзін жан-жақты көрсетіп келеді. 11 наурыз 10 мамыр аралығында облыс бойынша санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы жарияланды.

Қызылорда қаласы наурыз айында республиканың талантты жастарын бір емес, бірнеше рет қосты. Ауыр атлетикадан ҚР Кубогы және чемпионаты, және ҚР IV Жастар спорт ойындары өтті. Қызылорда қаласы әкімдігімен, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, «Түлек - 2017» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Оған 800-ге жуық студент қатысып, барлығы жұмыс таппаса да, үміт тауып қайтты.

Нұрлыбек Нәлібаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 200-ге жуық анаға дастархан жайып, құрмет көрсетті. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бар. Қала басшысының аналарға деген құрметі барлық БАҚ беттерінде жарыса жазылып, ақпараттық белсенділігіне ықпал етті.

Қалада Отан қорғаушылар аллеясы ашылды. Алаштың және Түркі әлемінің ардақтысы Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатып, ас берді. Наурыз мерекесіне орай Қызылорданың орталық қала алаңында 30 киіз үй мен 6 шатырдан тұратын қалашық тұрғызылды, «Экспо-2017» көрме павильоны ұйымдастырылды.

Қаланы дамыту, қаланы қауіпсіз ету, инфрақұрылымды күшейту, жол сапасын арттыру, тазалықты сақтаудан бөлек мәдени, спорттық іс-шаралар өте көп өтті. Бұл қала басшысының тәжірибелігін, шаруашылықтан бөлек идеологиялық жұмыстар ұйымдастыра білетіндігін көрсетеді.

3. Нұржан Кемерұлы Әшімбетов, Павлодар қаласы

0.5

Жақында Нұржан Әшімбетовтің Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалғанына тура бір жыл толады. Бір жыл ішінде Нұржан Кемерұлының басшылығымен қалада оң өзгерістер байқалды. Қылмыс азайып, жемқорлық кеміді. Қала қауіпсіздігі бірінші орынға шығып, инфрақұрылымға көп көңіл бөлді.

Жақында Экономикалық зерттеулер институты 4 мың кәсіпкердің арасында сауалнама жүргізіп, жемқорлық ең төмен өңірлерді анықтады. Бірнеше индикатор бойынша Павлодар жемқорлық бойынша ең төменгі көрсеткішке ие. Мұндай нәтижеге облыс пен облыс орталығының қосқан үлесі зор.

Наурыз мейрамын да абыройлы атқарды. Мыңдаған павлодарлықтар Наурыз мейрамына орай қаланың орталық алаңына жиналды. Мереке қаланың орталық алаңында басты кейіпкері Қыдыр ата болған театрланған қойылымнан бастау алды. Алаңда әрбір қалаушы қазақ халқының мәдениетімен және тұрмысымен таныса алатын киіз үйлер орнатылды. Олардың ішінде халық қолөнершілерінің ағаштан, металлдан және былғарыдан жасалған бұйымдары ұсынылды. Павлодар қаласындағы Наурыз мейрамын тойлау биыл жаңа бір сатыға көтерілді.

Наурыз айында бірнеше республикалық БАҚ Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің бала-бақшаны үйіне айналдырып алған деген дау тудырды. Бірақ, қала басшысы бұл ақпараттың бұрыстығын айтып, ғимараттың ешқашан бала-бақша ретінде пайдаланылмағанын дәлелдеп берді.

4. Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы, Петропавл қаласы

5

Солтүстік Қазақстан облысына жаңадан әкім тағайындалды. Бұл өзгеріс Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовке оңынан әсер етті. Облыстың су жаңа басшысы Құмар Ақсақаловпен иық тіресіп жұмысты бастап та кетті. Ең бірінші мәселе – облыстың біраз жерін, соның ішінде Петропавл қаласын су басып қалу қаупі. Ақпан айында Петропавл қаласы мен 95 елді мекен су астында қалуы мүмкін деген жайсыз хабар тарады. Марат Иманбайұлы күн-түн демей, халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халықтың уайымын сейілтіп, қауіпсіздік жұмыстарын күшейтті.

Бұл Петропавл қаласына жылда төнетін қауіп. Сондықтан, Марат Тасмағанбетов бұл жағдайлардың барлығының алдын алып, уақытында дайындық жүргізгенін көрсетті. Қала әкімі өз есебінде су басу қаупі зор Жұмысшы, Береке, Ойқала шағын аудандары мен Заречный кентінен 700 мың текше метр қар сыртқа тасылғанын, таяу күндері барлық суағарлар қалпына келтірілетінін, оған 108 техника тартылғанын жеткізді. Тіпті, Ресейдің Екатеринбург қаласынан арықтарды тазалайтын арнайы техника алдыртылған. Былғары зауыты кентiнде 883 метр қорғаушы бөгет жөнделдi, бұл ауылдың 1802 тұрғынын қорғауға мүмкiндiк беретінін айтты.

Сондай-ақ, қала әкімі осындай жұмыстарға қарамастан, облыс орталығында Наурыз мейрамын да кең көлемде атап өтті. Жаңа облыс басшысы Наурызды әр аулада тойлау керек деген тапсырма беріп, оны мінсіз орындады. Алғаш рет көппәтерлі үйлердің 30-дан астам ауласында мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

5. Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев, Талдықорған қаласы

3

Жақында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Талдықорған қаласы жақын арада еліміздегі ең қауіпсіз қалаға айналады» деді. Бағдат Қарасаевтың басшылығымен 2016 жылы Талдықорған қаласында 358 бақылау камерасы қойылыпты. Биыл тағы да 396 камера орнату көзделіп отыр. Қала әкімінің мәліметіне сәйкес, өткен жылы бақылау камераларының көмегімен 113 қылмыс тіркеліп, ашылған. Бұл – барлық қала, аудан үшін үлгі болатын бастама.

Наурызда Талдықорғанда ет комбинатының іргетасы қаланды. Талдықорғанның кіреберісін жаңартуды қолға алып, туристердің де қызығушылығын арттыратын жоспарларын бастап кетті. Биыл Талдықорғанның көліктік инфрақұрылымын дамытуға 2325,9 млн. теңге бөлінді. 13 көшеде 23,4 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Қала басшысы жөндеуді қажет ететін, салынатын жолдардың барлығын тізіп шығып, облыс басшысының рұқсатын алды.

ОРТА БЕСТІК

6. Испанов Ілияс Сапарбекұлы, Ақтөбе қаласы

4Ақтөбе қаласында наурыз айында көп оқиға болды. Әсіресе, қуанышты жаңалықтар тек облыс деңгейіндегі БАҚ беттерінде ғана емес, республикалық БАҚ-тарға дейін тарады. Ақтөбе қаласының тұрғындары бір апта газ тапшылығын көрді. Бұл мәселеге облыс басшысы араласып, қалалықтарға газ жеткізілді.

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбеде 5 қабатты, шағын отбасыға арналған жатақхана құрылысы аяқталды. Бүгін әлеуметтік сала қызметкерлері уақытша баспанаға ие болды. Пəтер білім, медицина, мəдениет, журналистика жəне спорт саласының жұмыскерлеріне қызметтік баспана ретінде берілді. Яғни, жас мамандар еңбек етіп жүрген кезде жалдамалы пәтерде уақытша тұра алады. Баспана кілтін қала әкімі Ілияс Испанов өзі табыстады.

Сонымен қатар, таяуда еңбекші жастарға арналған жатақхана пайдалануға беріледі. Жоба «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жатақханада 1 және 2 бөлмелі 115 пәтер бар.

Ақтөбе жұрты Наурыз мерекесін де керемет тойлады. Қаладағы 7 алаңға 70 ағаш үй тігіліп, кафе мен мейрамханалар 5 тонна бауырсақ пен 7 тонна Наурыз көже таратты.

І.Испанов қала халқының арыз-шағымдарына, өтініштеріне дер кезінде үн қатып отырады. Мәселен, Шевченко көшесінде желтоқсан айында қардың үстіне жол салынып, аұша далаға кеткен. Осыған байланысты, шаһар тұрғындары қала басшысына шағымданды. Ілияс Сапарбекұлы осыған байланысты Жол басқармасымен арнайы жиын өткізіп, мұндай олқылықтың қайталанбауын тапсырды.

АУТСАЙДЕР БЕСТІК

7. Базыл Шамұқанұлы Жақыпов, Қостанай қаласы

07Наурыз айы Қостанай қаласы тұрғындары үшін жолақының қымбаттауымен басталды. Енді қостанайлықтар автобустарда жол жүру үшін 60 теңгенің орнына 80 теңге төлейтін болады. Қала шетіне және саяжайларға баратын қоғамдық көліктердегі жолақы құны «әрбір шақырымға - 5 теңге» тарифі бойынша белгіленеді.

Жолақы тек Қостанай қаласында өскен жоқ. Барлық өңірлерде баға қымбаттауы байқалып жатыр. Қостанай қаласында атқарылып жатқан басқа да жұмыстар бар болғанмен, оны көрсете алмай келеді. Мәселен, Қостанай қаласының әкімдігі су тасқынына төтеп беру, алдын алу мақсатында үлкен жұмыс атқарды. Қала әкімі Базыл Жақыпов құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысып, уақытында тапсыру керек екенін айтты. Айдың басында қала азаматтарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Наурыз мерекесін де жұрттан қалмай атап өтті. Бірақ, осының бәрін істеу бар да, көрсете білу тағы бар.

P.S. Қала әкімдерінің рейтингі SAIGEZ.KZ сарапшыларымен бірлесіп жасалды. Бағалаудың негізгі критериі қалай болатыны жоғарыда көрсетілген. Қосымша сұрақтарыңыз болса saigezkz@gmail.com электронды адресіне жолдауларыңызды сұраймыз. 

 

Сұхбат

PhotoRoom