Даниял Ахметовтың ұлы Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарына кірді

Рейтинг
10.05.2017, 09:32

b54c877903d896141abeb6efea56c3cc-smallЕлімізде жыл сайын тұрмысы өте жоғары адамдардың рейтингі жарияланып тұратыны белгілі. Осы дәстүр бойынша «Forbes.kz» порталы Қазақстандағы ең бай азаматтардың 2017 жыл қорытындысы бойынша рейтингін жариялады.

Металл магнаты Владимир Кимнің байлығы 2,5 миллиард доллларға бағаланып, тізімде көш бастады. Бұған 2016 жылғы мыс бағасының өсуі әсер еткен.

Қаржы, телекоммуникация, мейманхана бизнес­терімен айналысатын  Болат Өтемұратов 2,4 миллиард доллларға бағаланып, екінші орынға жайғасты.

3-4 орындар ерлі-зайыпты Тимур және Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Екеуінің көрсеткіші бірдей, 2,2 млрд. долларды құрайды.

Бұл тізімге жаңадан кірген Еркін Тәтішев (№9), Қайрат Сатыбалды (№34), Талғат Ахметов (№35) және Асхат Омаров (№50) секілді есімдер бар. Талғат Ахметов - ШҚО әкімі Даниял Ахметовтың ұлы.

31 жастағы Талғат Ахметовке Павлодардағы «Казэнергокабель» АҚ (29,9%), «Павлодарский хлебобулочный комбинат» ЖШС, «KAZ InterGroup PV» ЖШС, «ТАСК Холдинг» ЖШС, «Темиржолшы» ЖШС, «Глория-фарм» ЖШС, «Павлодарская кондитерская фабрика» ЖШС және Астанадағы «Ақ сұңқар НТ» ЖШС мен «Engineering Supply Company» ЖШС секілді бірнеше ірі компаниялар тиесілі.

Толық тізімді forbes.kz сайтынан қарай аласыздар.

Сұхбат

PhotoRoom