Өскеменнің жаңа мэрі 36 жаста

Рейтинг
30.05.2017, 16:12

78

Өскеменге жаңа әкім тағайындалды. Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған 36 жастағы Қуат Тумабаев болды.

Жаңа қала басшысы қалалық мәслихаттың отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Облыс орталығында Қуат Тумабаев қала әкімі болған ең жас маман ретінде облыс тарихына енді. Қуат Тумабаев 1980 жылы 30 қазанда дүниеге келген. Оның әкесі "Агрофирма Приречное" директоры, облыстық мәслихат депутаты Мұхит Тумабаев. Еске салайық, өскемен әкімі Ерлан Аймұқашев бірнеше апта бұрын қызметінен өз еркімен кетті.

Естеріңізде болса, SAIGEZ.KZ ай сайын қала әкімдерінің рейтингін жасап отырады. Маусым айынан бастап Қуат Тумабаев бұл рейтингке атсалысатын болады.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom