Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз бетінше тапсырыс бере алады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтер жатады.
Бүгінгі күні ОТҚ және жоғарыда аталған қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру және қолжетімділігін жаңғырту мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағында Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілетін болады.
Бүгінгі күні оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін алуға мүгедектік белгіленген сәттен бастап 8 айға дейін кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты. Қызмет алушылар деп тендерлік жүйесі мүгедектерге мүлдем келмейді. Жыл сайын олар қызмет көрсету мен медициналық бұйымдардың сапасының нашарлауына жиі шағымданады. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашық еместігінің факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады.
Порталды енгізу нәтижесінде ОТҚ ұсыну және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің мерзімдері оларды тағайындаудың белсенді форматы арқылы 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқарады. Мүгедектігі бар азаматтардың тілектеріне сәйкес оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің белгіленген құнын өтеу тетігі көзделген. Бұл порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақыны жүзеге асыру функциясы қол жетімді болады дегенді білдіреді.
Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың неғұрлым кең ауқымы қолжетімді болады, ал медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – МӘМ) барлық МӘМ-нің жарақтандырылуы мен жүктелуі ескерілетін болады.
Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, өнім берушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бұған дейін хабарланғандай, портал пилоттық режимде іске қосылып, Ақтөбе қаласында сәтті жүзеге асырылуда. Оған бірнеше медициналық-әлеуметтік мекеме қосылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.
Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың өнім берушіні қамтиды.
Бүгінгі күні «Мобильдік азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпочта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.