Шымкентте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау 5 аумақта жүріп жатыр

Рейтинг
09.01.2020, 18:45

Шаһар басшысы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілермен кездесті. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережелерімен танысып, жұмыс барысында, халыққа кеңес беруде және қызмет көрсетуде кемшіліктердің орын алуына жол бермеуді тапсырды.

Қазіргі таңда, қаңтар айының бесінші жұлдызынан бастап, атаулы әлеуметтік көмекке 1 383 адам өтініш қалдырса, 4 667 адам осы көмек жөнінде кеңес алды.

Еске саламыз, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау Шымкент қаласының 5 аумағында жүріп жатыр. Олар:

1. Бәйтереков көшесі, 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты;

2. Бәйдібек би даңғылы, 60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимараты;

3. Тыныбаев көшесі, 49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты;

4. Тәуке хан даңғылы, 3. Абай ауданы әкімі аппаратының ғимараты;

5. Толстой көшесі, 119. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимараты.

Сонымен қатар, қала әкімі Ерлан Айтахановтың өзі атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруші ретінде мекеме қызметкерімен ашық диалог құрды. Қызмет көрсетушінің біліктілігін тексеріп, әлі де біліктілікті жетілдіріп, халықтың кез келген әлеуметтік сұрақтарына қынжылмай жауап қатып, дұрыс кеңес беру керектігін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom