Шымкентте «Жол бер, өмір сақта» акциясы ұйымдастырылды

Рейтинг
23.01.2020, 14:52

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  қалалық полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Жол бер, өмір сақта» акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты жүргізушілерді адалдыққа және жауапкершілікке шақыру, оларға адам өмірін сақтауда жедел-жәрдем автокөлігіне әр секунд маңызды екенін түсіндіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол жүру мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Шұғыл шақыруларға асығатын дәрігерлер, өрт сөндірушілер командалары мен полиция нарядтары өздерінің басым жол жүру құқығын әрқашан жүзеге асыра алмайды.

Жедел жәрдем көлігі қаланың басты көшелерімен дыбыстық және жарық сигналдарымен, полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүріп өтті.

Көк және (немесе) қызыл түсті жарық және арнайы дыбыс сигналы қосылған көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олар алып жүретін басқа көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол береді.

«Осындай іс-шаралар азаматтардың санасына әсер етеді, олар қажетті уақытта жол беріп, басқа жүргізушілерге жолда парасаттылық пен өзара сыйластық көрсетеді» - деді «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев.

Аталған шараның нәтижесі де жоқ емес. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерінің айтуынша жедел жәрдем көлігіне жол беру бұрынғыдан жақсарған.

Акцияны ұйымдастырушылар тарапынан жол жүру ережесін бұзып, жедел-жәрдем автокөлігіне жол бермеген 3 автокөлік иелеріне  әкімшілік хаттама толтырылып, әрбір тоқтатылған жүргізушіге заңнама талаптарын міндетті түрде сақтау қажеттігі түсіндірілді.

 

                            В Шымкенте  прошла акция «Уступи дорогу – спаси жизнь»

 

Проектный офис «Шымкент – адалдық алаңы» при поддержке Департамента полиции и Управления здравоохранения организовали акцию «Уступи дорогу – спаси жизнь».

Главной целью мероприятия является привлечение внимания к злободневной проблеме, когда водители личного автотранспорта не пропускают машину скорой медицинской помощи, формирование культуры дорожного движения, предупреждения дорожно - транспортных происшествий.

Спешащие на экстренные вызовы команды врачей, пожарных и наряды полиции далеко не всегда могут реализовать своё право преимущественного проезда.

При приближении транспортных средств с включенными проблесковым маячком синего и (или) красного цвета и специальным звуковым сигналом водители уступают дорогу для обеспечения беспрепятственного проезда этих и сопровождаемых ими других транспортных средств.

«Подобные мероприятия влияют на сознание граждан, которые в нужный момент уступят путь, покажут другим водителям  добропорядочность и взаимоуважение на дороге, тем самым дав надежду на спасение людей в трудную минуту» – сообщил Ерасыл Толебаев, руководитель Проектного офиса.

Акция имеет определенные результаты. По словам сотрудников городской станции скорой медицинской помощи, ситуация на дорогах Шымкента улучшилась, водители стараются быстро уступать дорогу карете скорой помощи.

В ходе мероприятия патрульным экипажем совместно с представителями «Шымкент – адалдық алаңы» проведена профилактическая работа среди водителей, а также в отношении                   3 нарушителей составлены административные протоколы.

 

Сұхбат

PhotoRoom