ТҮРКІСТАН: БИЗНЕСТІ АПТАСЫНА 7 КҮН, ТӘУЛІГІНЕ 24 САҒАТ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Рейтинг
11.02.2020, 16:31

Бүгін 11 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Түркістан» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы Меморандумға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Асанұлы Ғанижан және «Түркістан» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрайымы А.Т.Ахмеджанова салтанатты түрде қол қойды.

Салтанатты жиында Ғ.Асанұлы Агенттік тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Businessand Investments» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетінін жеткізді.

Қол қою рәсімі аясында басқарма төрайымы Айгүл Төлеуғазықызы отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерге жол бермеу және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың бұл әдісі ел экономикасының дамуына едәуір септігін тигізетінін атап өтті.

Айта кетсек, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 426,2 млдр. теңгеден асатын 28 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.

Сұхбат

PhotoRoom