ШЫМКЕНТТЕ АЛЫП КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Рейтинг
21.02.2020, 17:37

Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай салмағы 27 келі болатын кітап жарық көрді. Қалалық білім басқармасына қарасты №1 жалпы орта кешкі мектебі мен №167/3 түзету мекемесінің ұжымы бірлесіп ұлы ақынның туған жерінде өтетін мерекеге ерекше сый жасап отыр.

Көлемі мен салмағы жағынан еліміздегі ең үлкен кітапқа Абайдың қара сөздері жинақталған. 24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х 90 см.

Кітаптың тұсаукесер рәсімі №167/3 түзету мекемесінде өтті. Кешкі мектептің ұстаздар қауымы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық кеш ұйымдастырды. Әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.

Мектеп директоры Исақ Асановтың айтуынша, алып кітап алдағы аптада Алматы қаласында орналасқан Қазақстан рекордтар кітабына тіркеуге жіберіледі. Сертифитталған қара сөздер жинағы, одан соң, Абайдың туған еліне жеткізілмек.

Сұхбат

PhotoRoom