ШЫМКЕНТТЕ СӘНІ КЕЛІСКЕН ЭТНОАУЫЛ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Рейтинг
24.02.2020, 08:05
ШЫМКЕНТТЕ СӘНІ КЕЛІСКЕН ЭТНОАУЫЛ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат ӘЙТЕНОВ республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат беріп, «ТМД-ның мәдени астанасы» жылына орай өтетін іс-шаралармен бөлісті.

– Шымкент – заманауи мегаполис ретінде күннен-күнге гүлденіп, еліміздің абыройын, мемлекетіміздің келбетін асқақтатып келеді. Бұл ретте, ең бастысы, қала қауіпсіздігі – басты назарымызда. Қазіргі таңда Шымкентте алғаш рет туристік полиция бөлімі құрылып жатыр. Оған Шымкент қаласы Полиция департаменті конкурс жариялап, мамандарды іріктеп алуда. Сосын қаламызда көлік көп, автотұрақтар мәселесі туындамас үшін Полиция департаментімен бірлесіп, әр ғимараттың алдында кезекшілік қоямыз. Өздеріңіз білесіздер, қаладағы полицей-лердің қызметтік көліктері де жаңаруда, «ТМД-ның мәдени астанасы» жылына орай, жақында шымкенттік тәртіп сақшыларына 100 арнайы көлік берілген еді. Ендігі ретте полицейлер де тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барынша қырағылық танытатын болады.

Тағы бір айтқым келгені, Наурыз мерекесінде еліміздің тұрғындары 4-5 күн демалатыны белгілі. Шымкентте бұл күндері жер бусанып, күн жайнап-жарқырап тұрады. Наурыз алаңында арнайы этноауыл бой көтереді. Онда қазақтың салт-дәстүрі, халқымыздың терең тарихы таныстырылады. Бұған жергілікті кәсіпкерлер де үлкен қолдау көрсетеміз деп отыр.

Ипподром алаңқайында да түрлі мерекелік шаралар, жыл сайын өтетін дәстүрлі «Ашық аспан» фестивалі болады. Осы демалыс күндеріндегі мерекеге тек Шымкент төңірегі ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен де қонақтар көптеп келеді деп ойлаймыз. Қазір біз авиатасымалдаушы компанияларға Наурыздағы мереке күндеріне қосымша рейстерді ашуға ұсыныс жасадық.

Сұхбат

PhotoRoom