ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРЫЛДЫ

Рейтинг
06.03.2020, 12:30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері мен Департамент жанындағы Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық университетінің Шымкент қаласының оқу орталығының ұжымы мен Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан облысынан келген тыңдаушылармен кездесті.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, қоғамда ашықтық, адалдық, әділдік қағидаттарының белең алуы тиіс екендігі айтылып, жиынға қатысушылар жемқорлықтан  алшақ болуға шақырылды.

Төтеншеліктер қатысқан жиында Ақпараттық-ағартушылық штабының құрылу мақсаты мен құрамы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылық, адалдыққа жастайын тәрбиелеу қажеттігі айтылды.

Шараға қатысушылар өскелең ұрпақты парасатты етіп тәрбиелеу – тек қана ата-аналардың ғана емес, қоғамның міндеті екендігін сөзге тиек етті.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар кеңінен түсіндіріліп, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom