ТОҒЫЗ БАЛАЛЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ ОМАРТАШЫ ТОҒЫЗ МЫҢ АРАНЫ ӨСІРЕДІ

Рейтинг
11.03.2020, 23:37

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны 45 жастағы Мәлік Айтымбетов 9 ұл-қыздың әкесі. Бүгінде ол 70 жәшік бал арасын ұстайтын ауылға аты мәлім омарташы. Бұл іспен айналысқанына 7 жыл болыпты. Алайда, М.Айтымбетов атаулы әлеуметтік көмек алмай тұрып, ісін өрге домалата алмаған. Яғни, омарташылыққа қажетті құрал-саймандарды түгелдеуге шамасы жетпепті. Ал былтырғы жылы отбасымызға береке кірді дейді ол шаттанып. Үкіметтен 9 балаға атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 1 млн 498 мың теңге қаржы берілген. Осы қаржыға ол бал өндіретін диірмен, омарта жәшіктерін, көшіруге тіркеме сатып алыпты.

«Біз ауылдағы үлкен отбасы саналамыз. Жанұямызда 11 жанбыз. Алланың берген 9 ұл-қызы бар. Солардың несібесіне былтырғы жылы үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Құжатты дер кезінде дайындап, жергілікті әкімдікке өткіздік. Көп ұзамай үлкен қаржыға қол жеткізіп, өзімнің шаруашылығыма қажетті бар керек-жарақты сатып алдым. Бүгінде соның арқасында балдың 10 түрін өндіріп жатырмын», – дейді Мәлік Айтымбетов.

Әйелі Нағима Айтымбетова алтын алқа иегері. Жуырда ғана ол бала күтімінен босап, бір мекемеге тазалаушы боп орналасыпты. Айлық жалақысы – 40 мың теңгені құрайды. Омарташылықты кәсіп еткен отбасының үлкендері Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орнында оқиды екен. Олардың ендігі армандары – омарташылықты кеңейтіп, бал арасы орналасқан тіркемелерді таситын жүк көлігін сатып алу.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сұхбат

PhotoRoom