ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» НАУҚАНЫ ШАЛҒАЙ ЖАТҚАН ЖАҢА ИҚАН АУЫЛЫНДА ӨТТІ

Рейтинг
12.03.2020, 12:14
ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» НАУҚАНЫ ШАЛҒАЙ ЖАТҚАН ЖАҢА ИҚАН АУЫЛЫНДА ӨТТІ

Халық - мемлекеттің негізі, әрі биліктің қайнар көзі. Ел азаматтарының құқық саласындағы сауаттылық деңгейін арттыру - ел тұрақтылығы мен тыныштығының негізгі кепілі.

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен кезекті «Халық заңгері» науқаны Кентау қаласына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінде өтті.

Тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған құқықтық кеңес барысында білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы мен жер салалары бойынша білікті мамандар заң аясында ашық түрде кеңестерін беріп, аталмыш ауыл тұрғындарының түйткілді сұрақтарына құлақ түрді.

Жалпы саны 100-ге жуық тұрғындар мен өскелең ұрпақты қамтыған игі науқанның негізгі ерекшелігі - аудан-қалалардан қашық орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына құқық тұрғысынан қажетті ақпараттармен ой бөлісу, әрі оларды алаңдатқан заң саласындағы мәселелер бойынша нақты кеңестер беру болды.

Азаматтарға тегін құқықтық қолдау танытқан тәжірибелі мамандардың кеңесіне халықтың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмекті алу, жер телімдеріне қажетті құжаттарды рәсімдеу, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын-үй мәселелері бойынша жүгініп, толғандырған сұрақтарына толық жауап алды.

Сондай-ақ, бұл науқанға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түркі университетінің заң факультетінің студенттері қатысты.

Айта кетсек, «Халықтық заңгер» науқаны қарапайым қазақстандықтар үшін тиімді және дәстүрлі жобаға айналып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom