ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ БЕЙІМДЕЛЕДІ

Рейтинг
12.03.2020, 18:23

Шымкент қаласының кезекті Қоғамдық кеңесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментікөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша бірнеше мәселелер көтерді.

Агенттіктіңмемлекеттік əлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша қоғамдық мониторинг нәтижесіне сәйкес Шымкент қаласында бірнеше назар аударарлық мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда,қаламыздың қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты «қызметкерлердің біліктігі төмен», «дөрекі», «әдепсіз», «өте баяу» және т.б. сынды пікірлер білдірілген.

Сондай-ақ, сын-ескертпелердің басым бөлігі қызмет көрсету нәтижесінің сапасына көңілдері толмайтындығы атап өтілген.

Осы орайда, Кеңесте Шымкенттегі ХҚКО тікелей тұрғындармен жұмыс істейтін мамандарға сыпайылылық пен парасаттылық және әдептілік қасиеттерін арттыру бойынша треннингтерді өткізіп, жоғарғы сапалы қызмет көрсетугебағыттау бойынша бірнеше ұсыныстар айтылып, тапсырма берілді.

Қабылданған шаралар нәтижесіндемемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі артуына өз септігін тигізетіне сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom