ШЫМКЕНТ: СALL ОРТАЛЫҚ 8707 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ

Рейтинг
09.04.2020, 19:08

Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының сауалдарына тұщымды жауап беру мақсатында қала басшылығының шешімімен арнайы Сall орталық ​ жұмысын бастаған болатын.

39-50-55 нөміріне тіркелген 9 телефонда күнделікті отыратын мамандар 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында азаматтардан түскен 8707 қоңырауды тіркеп, сауалдарға жауап берді. ​ ​

Орталық қызметіне жүргізілген талдау жұмыстары соңғы үш күнде осындағы мамандардың 2224 сауалға жауап бергенін көрсетіп отыр.

Жалпы, бүгінге дейін сall орталыққа:

әлеуметтік көмек жайлы 5454; тасымалдау бойынша 1553; кәсіпкерлік туралы 722; блок-бекеттер жайлы 378; коммуналдық проблемалармен 223; карантин бойынша 128; бетпердеге қатысты 87;азық-түліктің бағасы туралы 86;

дезинфекциялау мен ​ қашықтан оқыту және өзге де мәселелермен 76 қоңырау шалынған.

Әлеуметтік бағыттағы сұрақтардың артуына орай, қаладағы аудан әкімдіктерінде арнайы мамандар кезекшілігі ұйымдастырылып, орталыққа түскен қоңыраулар бағыттау (переадресация) жүйесіне қосылған.​

Сұхбат

PhotoRoom