Шымкентте биыл 13 жаңа мектеп салынады

Рейтинг
14.04.2020, 16:48
Шымкентте биыл 13 жаңа мектеп салынады

Шымкент қаласында үш ауысымда оқитын, ескірген білім ошақтары баршылық. Солардың бірі Сайрам тұрғын алабында 300-ге тарта оқушы №109 бір қабатты мектепте оқып жатса, өткен ғасырдың 30 жылдары салынған №79 600 орындық білім ұясында тоғыз жүзге тарта бала оқиды. Мектеп талапқа сай емес.

Осындай мектептің барын естіген олқылықтың орнын толтырмақшы болған Шымкент әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы инвестор тауып жаңа мектеп салып бермек.

Айта кетерлігі Шымкент әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы Шымкентте 10 мектеп салуды жоспарлап отыр. Құрылыс «Тұран», «Жаңа Тұрлан» шағынаудандарында да бой көтеретін болады. Бұл инвесторлар арқылы жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда 6 инвестор келісім беріп те қойған.

Осы орайда «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ құрылыс департаментінің директоры Қарлығаш Мамырғалиеваның айтуынша Жансүгіров көшесіндегі № 79 мектептің аумағында 300-400 орындық жаңа мектептің құрылысы биыл басталып, пайдалануға келесі оқу жылында берілмек. Бұдан бөлек, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Сайрам тұрғын алабындағы қойма болған бір қабатты №109 мектепте оқып жатқан 300-ге тарта оқушы үшін жаңа мектепті салып беретін инвестормен келісімшартқа отырған.

Шымкентте үш ауысымдық және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында биыл бюджет есебінен 13 мектеп салынады.

Сұхбат

PhotoRoom