Шымкентте QR-мобильді кітапханасы құрылды   

Рейтинг
15.04.2020, 18:12
Шымкентте QR-мобильді кітапханасы құрылды   

Шымкент қаласы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында оқырмандарға арнап QR-мобильді кітапханасы құрылды.   

QR-мобильді кітапхана жергілікті ақын-жазушылардың көркем шығармаларын қашықтықтан оқу мүмкіндігін беретін жоба. QR-кітаптарды көпшілік ұялы телефон, ноутбук, компьютер, т.б. гаджеттерден оқи алады. QR-мобильді кітапхана жобасы арқылы кітапхана сайтынан 2020 жылдың наурыз айынан юері 6 500 кітап жүктеліп үлгерді. Олардың дені негізінен жергілікті қаламгерлердің көркем шығармалары мен өлкетану бағытындағы әдебиет. Жергілікті қаламгерлердің рухани азығын тұшынып оқыған оқырмандардан алғыс пікірлері айтылуда. Бұл жаңа жоба  - электронды кітапхана қоры алдағы уақытта толықтырылып тұратын болады.

Сұхбат

PhotoRoom