"Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы аясында кітапхана қоры антологиямен толықты

Рейтинг
16.04.2020, 00:56

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 5 тіліне (ағылшын, француз, испан, орыс және араб) аударылып, шығарылған қазіргі қазақ әдебиетінің екі антологиясымен толықты. Олар: "Қазіргі қазақстандық поэзия антологиясы" және "Қазіргі қазақстандық проза антологиясы". Антологиялардың әрқайсысының көлемі 500 бетті құрайды. Сондай-ақ олардың әрқайсысына 30 қазақстандық автордың жұмыстары кірген.

Сұхбат

PhotoRoom