Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 382 669 адамнан өтініш түскен.
Оның ішінде 202 857 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 144 850-інің өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
Аталған әлеуметтік төлем тағайындалған 202 857 адамның ішінде 190 336 өтініштер бойынша, 12 521-і проактивті түрде тағайындалып (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар), 152 805 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы