Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай виртуалды көрме ұйымдастырылды

Рейтинг
16.04.2020, 23:51

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасының «Туған жер», «Қазіргі замандық қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде»  жобалары аясында Шымкент қалалық Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасының мұрындық болуымен виртуалды көрмелер көрсетілуде. Бұл жаңа жоба фейсбук әлеуметтік желі қолданушылары арасында қолдау тапты. Виртуалды онлайн көрме арқылы желі қолданушылар - ғұлама ғалым, ойшыл, дана Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай кемеңгердің мұраларын тамашалады. Мұнда ғалымның трактаттарынан үзінді, деректер мен дәйектер, аңыздар,  Фараби музейлеріне виртуалды саяхат, көрнекті фарабитанушылармен сұхбат берілуде.

 

Сұхбат

PhotoRoom