КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ШЫМКЕНТТЕ ЕМХАНАЛАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Рейтинг
17.04.2020, 00:22

Шымкенттегі №3 және №13 қалалық емханаға келген кез келген пациентті медицина мамандары арнайы құрылғының көмегімен дене қызуын өлшеп барып, мекемеге кіргізеді. Медициналық ұйымдар демалыс күндерге қарамастан, күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, барлық медицина ұйымында қатаң маска режимі енгізілді. Емханалар штатты режимде 08.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді.

Медициналық ұйымдардағы кабинеттер қол жууға және өңдеуге арналған антисептикалық құралдармен жабдықталған. Бұдан басқа, дәліз қабырғаларында қолды өңдеуге арналған антисептигі дозаторлар орнатылған.

Ал мүгедектер мен қарттарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіледі. Ал балаларға екпе салу жоспар бойынша жүргізіледі. Жүкті әйелдер де жоспарлы тәртіпте қабылданады. Амбулаторлық медициналық ұйымдарда шұғыл көмек көрсету жұмысы күшейді. Емханалардың дәлізіне пациенттер үшін антисептиктер орнатылған.

Сұхбат

PhotoRoom