ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Рейтинг
17.04.2020, 15:51
ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлері өздері қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, қайырымдылық жасауда. Жомарт азаматтар 12 балалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген еді.

Азаматтық танытқан жандар – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасейітов басқаратын Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері. Палата мүшелері өткен жылдың соңында қиын жағдайға тап болған осы отбасының жағдайы туралы біліп, баспана сатып алу мақсатында қаражат жинауды бастаған-ды. Үш ай ішінде "Менің атамекенім" қоғамдық қорына 8,5 млн теңге жиналады.

Осы қаржыға 3 бөлмелі пәтер сатып алып берген кәсіпкерлер отбасы дайын үйге бірден кіруі үшін пәтерді жөндеу шығындарын да көтермек.

Бұған қоса «Бал текстиль» кілем фабрикасы отбасына кілем сыйлады, «Азала текстиль» компаниясы төсек-орын жабдықтары және монша жабдықтарымен қамтамасыз етті. Іскер әйелдер кеңесінің кәсіпкері (төрағасы Алма Архабаева) балалар киімін, тұрмыстық техника мен отбасы үшін ыдыс-аяқ сатып алды. Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі балалар киімдерін, тұрмыстық техникалар мен ыдыс-аяқ сатып алды.

Пәтер кілтін салтанатты тапсыру рәсімі кезінде кәсіпкерлер қазіргі қиын жағдайда немқұрайлы қалмауға және халыққа пайдалы болуға шақырды.

Айта кетейік, Мұхтар Бердіқұлов пен жұбайы Гүлнараның 7 баласы бар, 2014 жылы жол апатынан көз жұмған туыстарының 5 баласын қамқорлыққа алды. Отағасы - жеке компанияда күзетші болып жұмыс істеді, Гүлнара - үй шаруасында. Ұл-қыздары колледжер мен мектептерде білім алады.

Сұхбат

PhotoRoom