ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА 600 МЫҢНАН АСТАМ БЕТПЕРДЕ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Рейтинг
17.04.2020, 22:10

Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда.

Күні кеше «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері гуманитарлық көмекпен Қайнарбұлақ, Бозарық, Азат шағынауданында болды.

Бүгін қайырымдылық шара Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар елдімекендерінде жалғасып, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер тұрғындарға тегін медициналық бетперделерді үлестірді.

Жалпы қала бойынша 1 миллион бетперденің 600 мыңнан астамы таратылды. Қалған бетперделерді алдағы күндері қала тұрғындарына бөліп беру жоспарлануда.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Сұхбат

PhotoRoom