ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ АРҚЫЛЫ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРЕМІЗ

Рейтинг
17.04.2020, 17:13
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ АРҚЫЛЫ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРЕМІЗ

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, коронавирус дертінің алдын алу мен сақтануда тәртіпке бағынудан артық нұсқама жоқ. Сондықтан медицина мамандары тарапынан сақтық шаралары күшейді.

Ия, қазіргі таңда қаладағы медицина ұйымының басым бөлігі 18 блок-постта және ауруханаларда науқастарды емдеу үшін тәулік бойы еңбек етуде. Пандемияның таралуына жол бермеуде денсаулық сақтау саласындағы мамандар жұмыла еңбек етіп, қиын уақытта жұмыстарын бір минутқа да тоқтатпайды.

Аталған індеттің қауіптілігі баршаға аян. Бұл індет дүниежүзінде кең таралуда. Сондықтан карантин кезінде бекіткен шектеулерге немқұрайлы қарауға болмайды.

Әр отбасы мүшелері өз балаларымыз, өз жақынымыз, өз туысымыз, өз досымыз, көршіміздің өміріне жауапкершілікпен, жанашырлықпен қараса. Үйде бллу, тазалықты сақтау, қолды жуу, көшеге себепсіз шықпау секілді шектеулер - уақытша ғана қиындықтар. Қарапайым тәртіпке бағыну арқылы елімізде болып жатқан қиындықтарды еңсеруге үлес қосуға шақырамын.

Посттарда күндіз-түні еңбек етіп жатқан азаматтар Сіздердің амандықтарыңызды тілейді. Қала басшысы белгілеген тәртіпке бағыну арқылы ғана қиындықты жеңеміз.

Айгүл БЕКБАУОВА,

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Сұхбат

PhotoRoom